Қазақтың кино қоржыны тағы бір туындымен толықты
Автор: Нартай Аралбайұлы
06.03.2013
Қазақтың кино қоржыны тағы бір туындымен толықты. Бұл жолы қарапайым тұрмыстық тауқіметті жеңу үшін арынан аттаған ананың тағдыры “Анаға арналған жұмақ” фильмінде баяндалады.
Қара қошқыл көріністен басталатын фильм қарапайым отбасының қаражаяу тірлігін көрсетеді. Теміржол бойындағы елді-мекендегі отбасының тартқан тауқіметі фильмге арқау болады. Әмір мен Серікбай есімді екі жасөспірім Ресейге жұмыс іздеп кеткен әкесін күтумен сарылып жүреді, сағынады, бірақ әкеден тілдей хатта келмейді. Ал олардың анасы Полина жастығына қарапайым екі баласын ел қатарлы өсіргісі келеді. Жұбайын күткенмен үміт оты біртіндеп сөне бастайды. Ақыры қос ұлын киіндіріп-ішіндіруге пұл таппай кеткен келіншек тәнін сатуға дейін барады. Елдің көзіне шыққан сүйелдей боп жүріп балаларын асырау үшін арынан да аттайды. Ақыры өз-өзіне қол салып қаза табады. Түсірілім тобы Полинаның қылығына баға беруді осылайша көрерменнің өзіне қалдырады. Көркем туынды еліміздің кинотеатрларында ертеңнен бастап көрсетіле бастамақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары