Өскемен тұрғыны дүкеннен сатып алған тәттілерінің құрттап кеткенін көріп, жағасын ұстады
Автор: Әсем Қайратбек
06.03.2013
Өскеменде кәмпиттің ішінен құрт шықты. Оны сатып алған тұрғын карамель дүкен сөресінде ұзақ уақыт тұрып қалған дейді. Бұзылған тауарды қайтарып бермек болғанда, дүкеншілер зейнеткерге бет бақтырмады.
Наталья Песенко дүкеннен жаңа ғана әкелген тіске басармен шай ішпек болғанда, кәмпиттің ішінен ас құрттары сау ете түсіпті. Тек біреуі ғана құрттаған болар деп пайымдағанымен, олай болмай шықты. Сатып алған 500 грамм кәмпитінің түгелі құрттаған екен. Дүкеншілермен жанжалдасқанымен, пайда болмады. Енді зейнеткер қайда шағымаданарын білмей дал. Себебі санитарлық қадағалау орындары арнайы рұқсатыз жеке меншік сауда орынын тексеруге құқымыз жоқ деп, қартты қоя беріпті. Тұтынушы құқығын білмейтін қарияның қолында сауда орыны берген кассалық түбіртек те сақталмапты.
Наталья Песенко, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Санитарлық қадағалау мекемесіндегілерге мына құрттарды көрсеттім. Алыңыздар, зерттеу жасаңыздар дедім. Бірақ, олар бізге қажеті жоқ деп шықты.Тексеруге рұқсат алмай қолымыздан ештеңе келмейді. Ал сонда біздің не жеп отырғанымызға ешкім жауап бермей ме?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!