{metadescription}
0:000:00
Жамбыл облысында жалақы алмаған жұмысшылар бас көтерді

Жамбыл облысында жалақы алмаған жұмысшылар бас көтерді

Таразда тағы да жұмысшылар бас көтерді. Бұл жолы бес айдан бері жалақы көрмеген жүн өңдейтін «Алдияр Таурс» кәсіпорнының қызметкерлері. Айтуларынша, компания басшысы жарты жылдан бері көк тиын татырмай, өзі таптырмай кеткен.

Бес айдан бері көк тиын көрмеген жұртшылық еңбекақыны даулап, бүгін тағы да кәсіпорынның алдына келді. Бірақ, «қуса жеткізбейтін, тығылса таптырмайтын басшы» бұл жолы да төбе көрсеткен жоқ.

Гүлзахира Әбітаева, жұмысшы:

- Қазан айынан бері жалақы алғанымыз жоқ. Әне-міне береміз деп, онда да берген жоқ. Өткенде 14 мың беріп жіберді, болды. Басқа ештеме істеген жоқ.

 «АлдиярТаурс» жүн өңдеу компаниясында жалпы саны  200-ге жуық жұмысшы бар. Олардың орташа айлықтары 30-35 мың теңге көлемінде. Теңге көрмей тентірегендердің басым бөлігі өз еріктерімен жұмыстан шығып кетіпті. Алайда әлі күнге олар еңбек кітапшасына қол жеткізе алмай жүр екен.

Зерен Амантаева, жұмысшы:

- Шағым айтсаң жұмыстан шығарып жібереді. Біздер жұмыстан шыққан адамдармыз. Қолымызға аздаған  ақша беріп, анауың-мынауың деп, ұстап-ұстап, ақшамызды беріп, көресіңдер ғой мынаның бәрі жұмыстан шыққандар.

Компания басшысы, тіпті, зейнетақы қорына ақша аударуды ұмыт қалдырған. Құрғақ уәдеге қарын тойғызып келген жұрттың жанайқайынан кейін, іске прокуратура араласыпты. Жоғалып кеткен компания басшысы да табыла кеткен.

Қайыржан Қуатбеков, Тараз қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

- Серіктестік басшысы уақытылы жалақы бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппыұл салынады. Ал, жұмысшылармен екі күнде есептесуге сөз берді.

Бүгінде шикізаттың қаттығы мен қаржының жоқтығынан жүн өңдеу кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр. Компанияның қызметкерлерге 8 млн. теңгеге жуық берешегі бар. Құзырлы орын өкілдерінің сөздеріне сенсек, серіктестік басшысы жұмысшылармен есеп айырысу үшін, Алматыда ақша іздеп жүр екен. Ал, ашуға мінген ағайын межелі мерзімде жалақы берілмесе, аштық жариялаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде