{metadescription}
0:000:00
Ә. Қастеев мұралары енді туыстарының қолында ғана болады

Ә. Қастеев мұралары енді туыстарының қолында ғана болады

Қастеев мұралары енді туыстарының қолында ғана болмақ. Қылқалам шеберінің туындылары Алматыдағы мұрағаттан ұрланған соң, оның ұл-қыздары мемлекеттік мекемеге сенуден қалыпты. Сондықтан жүзден астам жәдігерді алып, енді қайтарудан бас тартып отыр. Халық мұрасы болып есептелетін осы туындылардың қолды болғанына қарамастан, мұрағаттар мен мұражайлар алтын қордағы жәдігерлерді әлі күнге тексермеген. 

Орталық мұрағат сақтай алмаған әкесінің мұрасын Гүлдария Қастаеева соңғы шудан соң өз қолына алған. Шаң басқан сөрелерде жарты ғасырдан астам жатқан қылқалам шеберінің әр туындысын енді қалпына келтіру қажет. Себебі бірі көгеріп кетсе, екіншісі бүктеліп қиылған. Ал орталық мұрағат қызметкерлерінің немқұрайлығынан Әбілхан Қастеевтің 20 картинасы жоғалған соң мекемеге деген сенім мүлдем сейіліпті.

Гүлдария Қастеева, Ә.Қастеевтің қызы:

- Қалған экспонаттарды алып кеттім, алып алдым. Сақтайтын жерде сақтап отырмын. Бірақ үйде сақтай алмаймын оларды, қиын ғой сақтау. Әкеміз 63-ші жылы өткізді, оны тек сақтау үшін өткізді. Ал оны үкіметке берілді десе оны сатып алу керек қой. Үкімет оны жеке меншікке қалай алады, сатып алмаса. Сондықтан қолымда болғаннан кейін мен оны бермеймін.

Қолды болған акварельді 20 картинаның әрқайсысы қара базарда орта есеппен кемі 2млн теңгеге бағаланады екен. Ал 50-60 жылдардағы әлеуметтік реализм бағытында жазылған туындыларға тек отандық коллекционерлердің қызығушылығы туындауы мүмкін дейді мамандар. Себебі сол кезеңдегі суретшілердің шығармашылығы тек Қазақстан ішінде ғана сұранысқа ие.

Эльмира Ахметова, өнертанушы:

- Қазақстанның арт-науқанға қойылған баға жоқ. Ол өткізген адамға байланысты, сол жұмысқа байланысты. Акварель, май немесе графика болуына байланысты. Менің білуімше көбінесе Қазақстанның коллекционерлері сатып алады бұл жұмыстарды.

Дегенмен 50-жылдары еңбек еткен отандық суретшілердің қос картинасы жуырда Лондондағы Сотби көрмесіне шығарылды. Яғни жарты ғасырлық тарихы бар туындылар еуропалықтардың да қызығушылығын тудырған көрінеді. Ал біздегі мұрағаттар ғана емес, мұражайлардағы қауіпсіздік қызметі де әлі жөнді қолға алынбаған сыңайлы. Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда суретшінің 400-ге жуық туындысы қойылған. Бірақ негізгі жүйе ескіріпті.

Әмір Жадайбаев, «Қазақстан бейнелеу өнері» ғылыми орталығының жетекшісі:

- Біздің мұражай 76-шы жылы салынған. Қауіпсіздік қызметі сол кездегі талаптарға сай. Жыл сайын кейбір тетіктерін жаңартылып отырамыз.

Еліміздегі мұрағаттардың барлығында сақталатын экспонаттардың көптігінен тиісті тексерістер тек 10-15 жылда бір мәрте жасалады екен. Яғни осы аралықта мұралар қайта тіркеліп, мөрмен бекітілген соң болат есіктің арғы жағында сақталады. Ал былтырғы ұрлыққа мұрағат қызметкерлердің тікелей қатысы болуы мүмкін дейді құзырлы орындар. Қазір жоғалған 18 картинаны іздеумен қаржы полициясы айналысып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде