Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы ақша жымқырған деп айыпталуда
Автор: Саят Сабдалы
06.03.2013
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы бастығы Төлеген Сәдуақасов бюджеттің 20 миллион теңгесін жымқырды деп айыпталуда. Қаржы полициясы кешелі бері тергеліп жатқан шенеуніктен ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.
Төлеген Сәдуақасов өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасын басқарғанына жарты жыл да толмады. Осыған дейін орынбасар қызметін атқарып келген. Ал қаржы полициясы болса, шенеуніктің бұл соманы соңғы 2-3 жылдан бері суыртпақтап келгенін анықтадық деп отыр. Тергеу мәліметіне қарағанда, Сәдуақасов облысқа инсулин дәрісін сатып алуға бөлінген 19 жарым миллион теңгені дәрі- дәрмекпен ісі жоқ мекеме шотына аударып жіберген. Енді бұл фирманың артында кімнің тұрғаны тергеу барысында анықталады. Қаржы полициясы қолхатпен әзірге бостандыққа жіберген шенеунікке жақын күндері ресми айып тағылып, бұлтартпау шарасын қолдану шешімі шықпақ. Ал басына қара бұлт үйірілген шенеунік әдеттен жаңылмай, кенеттен сырқаттанып ауруханаға жатып қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!