Ертең КТК-дан Мақпал жайында түсірілген тұңғыш деректі фильм көрсетіледі
Автор: Құралай Пионер
07.03.2013
Мақпалдың айтылмаған сыры. Ертең арнамыздағы «Наша правда» ток-шоуында Мақпал Жүнісова болады. Әнші бұрын-соңды еш жерде ашып айтпаған жан сырымен бөліспек. Сондай-ақ, бағдарламаның жалғасы ретінде «Сен менің әуенімсің» атты Мақпал Жүнісова жайында түсірілген тұңғыш деректі фильм көрсетіледі.
Мақпалдың үйіне құда түсе келгенде Заманбек дәл осылай деген екен. Кесіп айта салатын басшы әдетіне салып. Десе де дәл бұл әрекеті қыз жақтың қарсылығын емес, керісінше ақ батасын алуға себеп болған деседі. Сөйтіп, 90-шы жылдардың ең әйгілі жұбы - Мақпал Жүнісова мен Заменбек Нұрқаділов отбасын құрған. Бірақ алып-қашпа әңгіме бәрібір толастамады. Бірі Мақпал мансапты көздеді, енді бірі байлыққа құмартты деп сөкті. Шын мәнінде не болды, оған Мақпалдың өзі жауап қатпақ. Сонымен, ертең жұма кешінде «КТК» эфирінен қазақтың ерке қызы хақындағы деректі фильмді өткізіп алмаңыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!