Биыл халықаралық әйелдер күні мерекесінің тойланып келе жатқанына 100 жыл болады
Автор: Саят Сабдалы
07.03.2013
Биыл халықаралық әйелдер күні мерекесінің тойланып келе жатқанына 100 жыл болады! Нәзік жандыларды ай мен күнге және гүлге теңеу тегіннен қалыптаспаған. Өйткені гүл жаратын өсімдік атаулының пайдалысы тән жарасын емдесе, әйел заты жанға демеу болып, жылу береді. Сондықтан ардақтысына алтын-күмістің алдында гүл сыйлау салтқа айналса керек. Гүлдің саудасы жүретін меркеде алақан ысқылаған алыпсатарлар арқа жарқа. Сыйлықтың бұл түріне келгенде кейінгі жылдары ел де тартылмайтын болған дейді олар.
Венера Бекмағамбетова үшін бүгін үлкен науқан. Голландияға тапсырысты өткен жылдың қараша айынан беріп, кеше ғана келген гүлдері ыстық тоқаштай өтіп жатыр. Сауда заңы солай, өздері де әдеттегісінен қымбат бағаға алады, сәйкесінше сатады. Анталаған жұрт дүңгіршекке сыймай жертөледегі қоймада да кезекте тұр.
Венера Бекмағамбетова, гүл сатушы:
- Гүл алуына қарағанда халықтың жағдайы қиын деп ойламаймын, жақсы қымбат гүлдерді алады қазір, бұрынға қарағанда. Раушангүлді көп алады басқа гүлге қарағанда, раушангүлді таңдай білу керек. Сапасына қарай бағасы.
Ал қоймадағы қызу қарбалас әлі бірер күн жалғасады. Раушангүл, мамыргүл, хризантема, жыланқияқ, альстрамерия, фрезия, қызғалдақ сияқты мыңдаған түрін тапқанша Венераға тыным жоқ. Тұтынушы талғамы да өскен, қазір елді жылтырағанмен алдай алмайсың дейді ол.
Әйелдердің бақылауы бойынша гүл сыйлауға келгенде ер азаматар түр түрге бөлінеді екен. Олар, бұл істе алдына жан салмайтын романтиктер. Және гүл сыйлау табиғатты аялауға қайшы деп сылтау іздейдін сараңдар. Енді бірі сауда қызғанда емес жолын тауып гүлді мерекеден кейін немесе дейін сыйлауы мүмкін. Қалай болған күнде де, мерекені ескеріп әйелге гүл сыйлау ауыр сын емес. Тек тура осы күні сатушының сұрағанын бере алсаңыз.
Ал, Әбдімүтәл ақсақал алыпсатар емес. Қарағандыдағы гүл базарында тұрғанына 30 жылдан асқан қария ұрықты Голландиядан 6 ай бұрын алдырып өзі егіп, өсіріп саудаға шығарады. Сондықтан бағаны аспандатпаймын дейді. Атадан қалған кәсіпті енді немересіне де үйретіп жүр. Айтуынша екінің бірі игере білмейтін кәсіпте, гүлге, гүлдей жайнаған әйел затына деген терең махаббат болуы шарт.
Әбдімүтәл Хасанов, гүл сатушы:
- Жерді жақсы таңдау керек Раушангүлге қызғалдаққа махаббат керек жүректен. Жүректе маххабат болса барлығы шығады. Болмаса шықпайды. Дәл нәркес керек кой кейбіреулерге, қой жоқ болғасын қызғалдақ береміз. Ренжімей ма? ренжиді енді қайтеміз.
Нарцисс гүлі мен қоса мұнда мимиоза да сирек кездеседі. Ал жалпы құшақ-құшақ гүл арқалаған азаматтар бүгіннен бастап-ақ келер күннің қамына кіріскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!