{metadescription}
0:000:00
Өскеменде келіндер cайысы өтті

Өскеменде келіндер cайысы өтті

Өскеменде келіндер cайысы өтті. Ең пысық, шебер, сымбатты да өнерлі екендігін дәлелдеу үшін өзіне сенімді Шығыс өңірдің ақ жаулықты арулары бірі қалмай жиналды. 

Жұбайының жүрегіне жолды, енеме жағу арқылы таптым дейтін Жанар бұл сайысқа қатысу үшін Өскеменнен 600 шақырым шалғайда жатқан Үржар ауданынан келіпті. Ауа-райының қолайсыздығы ол үшін кедергі болмапты тіптен де.

Жанар Дүбербаева, байқауға қатысушы:

- Жол болған жоқ. Борандатып. Бірнеше күн бұрын билет алып қойғам. Алдын-ала келдім, үлгерейін деп, дайындалайын деп.

Қазақтың келініне қойылатын талап бұрыннан жоғары. Сондықтан қазылар алқасы келіндерді жақсылап сынады. Сайыстың алғашқы кезеңі ұлттық тағам дайындауда төрешілерге жақпай қалғандары да болды.

Ас әзірлеу сайысында сүрініп жатқандары таныстыру, білім, өнер сайыстарында озық шығу үшін бар күштерін салып жатты.

Клара Нұржақыпқызы, қазылар алқасының мүшесі:

- Бұдар да ертеңгі күні апа болады. Өстіп жас болып жүрмейді ғой. Өнеге өзімізден. Кішкене босатып алғанымыз рас. Салт дәстүрден адастырып алғанымыз рас. Бірақ, соны қазір мүмкіндігінше қолға алып, қолдан келгенше орнына келтіріп жатырмыз.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Зайсан ауданынан келген Салтанат Қадырханова жеңіп алды. Ол байқауға киген өзі тіккен ұлттық киімі төрешілерді тәнті етті. Әрі емшектегі екі айлық баласын қалдырып, жарысқа қатысу да ескерусіз қалмады. Басқа келіншектер де сайыстан құр алақан қайтқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде