Қарағандыда саудагер әйелдердің құрметіне ескерткіш салынады
Автор: Саят Сабдалы
12.03.2013
Билік партиясы Қарағандыда саудагер әйелге арнап еcкерткіш орнату туралы бастама көтерді. Билік партиясы өкілдерінің айтуынша экономиканың қазіргі жеткен жетістіктері –егемендік алған алғашқы жылдардағы ұсақ саудагерлердің арқасында екен.
Тоқыраулы тоқсаныншы жылдары кеңестік сана сезімнен арыла алмаған халық нарық заманына төтеп бере алмай титықтаған. Идея авторларының айтуынша дәл сол кезде еркек кіндіктілерден гөрі әйел заты ерлік танытты. Үйді тастап қалаға, елді тастап далаға да тауар алып келіп сандалды. Ұсақ саудаға жан бітіріп, артынша бұл фактор орта және ірі бизнеске ұласты. Сөйтіп ел экономикасы жанданды. Енді сол дорба арқалаған әйелге ескерткіш орнату артық емес. Бірақ әзірге бұл тек сөз жүзінде ғана. Жалпы Қарағанды адамды селт еткізер ескерткіштен кенде емес. Өткен жылы қаланың қақ ортасында «Қайда, қайда? Қарағандыда» ескертіші ашылғанда тұрғындар бір таңырқаған. Ал оның алдында белгісіз мағынада бой көтерген үріккен мысықтың бейнесі де әлі тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!