Алматыда бұзақыны сабасына түсірмек болған полицей 7 жылға сотталды
Автор: Альбина Асхатқызы
12.03.2013
Алматыда бұзақыны сабасына түсірмек болған полиция қызметкері ақыры айыпты деп танылды. Бүгін Медеу ауданының соты патруль инспекторын ІІМ бұрынғы қызметкері Дәурен Әзімбаевты атып өлтіргені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Естеріңізде болса, былтыр шілде айында тәртіп сақшысы Мұрат Әбенов көшеде көпшілікті әбігерге салған жігітті тоқтатпақ болған еді. Алайда ішімдікке тойып алған маскүнем полиция қызметкерлеріне көнбек түгілі жұдырық ала жүгірген. Тіпті Мұраттың әріптестерін талдырып, 3 рет пышақ сұғып жіберген. Полицияның өзіне шабуыл жасаған оны айыпталушы атуға мәжбүр болғанын айтады. Алайда Медеу ауданының соты Мұрат Әбеновты «қызмет бабын асыра пайдаланды» деп тауып, 7 жыл бас бостандығынан айырып отыр. Оған қоса, марқұмның жұбайына 2 миллион теңге көлемінде материалдық шығын төлеуге міндеттеді. Бірақ бұл шешіммен істі болғанның жақындары мен әріптестері келіспей отыр. Айтуларынша, марқұм Дәурен Әзімбаевтың өзі полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Ал 7 жыл темірторда жазасын өтеуші Мұраттың 4 жасар баласы, мүгедек әйелі, аурушаң анасы асыраушысыз қалыпты. Сондықтан, жақындары апелляциялық шағым түсірмек.
Санат Мысакеев, Патрульдік полиция инспекторы:
- Соттың Мұратқа қатысты бұл ұйғарымы тым қатал. Өйткені ол әріптестерінің қауіпсіздігі үшін қару қолдануға мәжбүр болды. Өз басым «қызмет бабын асыра пайдаланған» деп кінәлауын орынсыз деп есептеймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!