СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Автор: Төлеген Жұмабек, Елдос Сапарғали
13.03.2013
“Астана” велоклубының өкілі Винченсо Нибали көпкүндік “Тиррено-Адриатико” додасының жалпы есебінде топ жарды. Отандық команданың лидері соңғы кезеңде 12-ші нәтиже көрсетті.
9 шақырымға созылған жекелей сында ол жалпы есепте бірінші орынды сақтап қалды. Қысқа қашықта өткен ақтық кезеңді Нибали 10 минут 51 секундтта бағындырды. Жекелей сында жеңімпаз атанған неміс Тони Мартин. Италиялық Адриано Малори екінші нәтиже көрсетсе, костарикалық Андрей Амадора үштікті түйіндеді. Жалпы есепте Нибалиге 23 секунд ұтылған Кристефер Фрум екінші орынға жайғасты. Ал әйгілі Альберто Контадор бұл жолы тек үшінші. Жарыс соңынан қуанышын жасырмаған отандық велоклуб өкілі Джиро де Италия көпкүндігіне дайындалатынын мәлімдеді.
“Галатасарай” мен “Барселона” чемпиондар лигасының ¼финалына жолдама алды. Түркиялық клуб сырт алаңда “Шалькені” 3:2 есебімен ұтса, “Барселона” Камп Ноуда “Миланды” 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Сан-Сирода сан соққан каталондықтар төреші ысқырығы естілісімен қонақтар қақпасын торуылдаумен болды. Нәтиже де көп күттірген жоқ. Не бары 5-минут өткенде Лионель Месси бірнеше қорғаушылар арасынан саңлау тауып, қақпаның жоғарғы бұрышын дәл көздеді. Мұнымен тоқтамаған алаң иелері үзіліске дейін есепті есеп кетті. Бұл жолы да қорғаушыларды шаң қаптырған Месси. Екінші таймды да ширақ бастаған “Барселона” 55-ші минутта Вильяның көмегімен есепті 3:0 ге жеткізді. “Милан” қанша тырысқанымен шабуылда мардымды ойын көрсеткен жоқ. Төреші қосқан қосымша уақытта Хорди Альба қортынды есепті орнатты. Ал бүгін түнгі сағат 1:30 да сіздер біздің арнадан “Бавария” мен “Арсенал ” арасындағы матчты тікелей эфирден тамашалай аласыздар.
Бүгін Лондонда мәнерлеп сырғанаудан кезекті әлем чемпионаты басталды. Лондон дегенге Англия астанасымен шатастырып алмаңыз, бұл Канаданың қаласы. Жалпы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты «үйеңкі жапырақ елінде» осымен сегізінші рет өткізілмек.
Мұхиттың арғы бетіндегі Лондонға Қазақстаннан Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тен мен Абзал Рахымбаев аттанды. Жылдың басты додасы тоғыз мың көрерменге арналған «Будвайзер Гарденс» спорт кешенінде өтеді. Салтанатты ашылу рәсімінен соң, ерлер қысқа бағдарлама бойынша күш байқасады. . Ал, 15 наурыз күні спорт сүйер қауым ерлердің орындауындағы еркін бағдарламаны тамашалайды. Чемпионат алдында Осакадағы «Төрт құрлық турнирінде» бой жазған жерлестеріміз осы жолы көрермен назарына өздерінің жаңа бағдарламасын ұсынбақ. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Құралай Ұзырова, үздік ондықтан үмітіміз дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!