Әкімдердің енді маскүнемдермен күресетін жаңа орынбасарлары болуы мүмкін
Автор: Гүлнұр Имандосова
13.03.2013
Әкімдердің енді маскүнемдермен күресетін жаңа орынбасарлары болады. Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов алкоголизммен күрес жүргізетін облыс, аудан және қала әкімдерінің жаңа орынбасарларын тағайындау керек деген пікірін ұсынып отыр.
Министрдің айтуынша, маскүнемдікке салынғандармен енді жүйелі түрде әкімдер айналысу керек. Сонда ғана ішімдік салдарынан болатын қылмыстың да азаюы мүмкін. Әрі әкімдердің маскүнемдермен күресі полицияға да көмек болмақшы екен. Дегенмен министр, халық полицияны жау деп емес, дос деп қарауға шақырады. Жұрт барынша полицияға иек артып, сенсе ғана, елдегі қылмыс деңгейінің төмендеуіне әкеледі деген үмітте.
Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі Істер министрі:
- Біз облыс, аудан, қала әкімдеріне маскүнемдікпен күрес жүргізетін жаңа орынбасарлар тағайындауды ұсынамыз. Бұл қоғам дертіне айналған ішімдікпен, қаңғыбастықпен әрі қайыр тілеумен күрес жүргізудің бірден бір тәсілі. Мұндай профилактикалық жұмыстың соңы жақсы нәтиже береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары