Жантүршігерлік жағдайда күнелтіп жатқан көп балалы мүгедек ана халықтан көмек сұрайды
Автор: Гүлнұр Имандосова
14.03.2013
Астаналық тұрғын Артық Шыныбекова өзін жолда қағып кеткен адамның жазалануын сұрайды. Елорда көшелерінің бірін тазалап жүрген жерінде 48 жастағы әйелді әлдебір студент көлігімен қағып кеткен. Содан бері Артық Шыныбекова бір аяқсыз мүгедек болып қалған. Ал, жол апатына кінәлі адам болса амнистиға ілініп, бұл отбасына бір тиын көмек көрсетуден бас тартқан.
Мектепті енді ғана бітірген Сенімбек жарық болады дегенге сенуден қалған. Сабақты май шаммен оқиды. Осылайша 3 балалы мүгедек ана қуықтай бөлмені паналап келеді. Аядай бөлме бұл отбасы үшін әрі жатын орын, әрі ас бөлме.
Артық Шыныбекова, Астана қаласының тұрғыны:
- Гүлзар сүртіп жүргенбіз. Қыздар бәріміз жұмысты аяқтап, бір-бірімізді күтіп тұрғанбыз, машина қалай келіп қалғанын білмейміз. 1 аптадан соң ояндым аяғым жоқ, Оянсам қасымда әпкем ғана отыр.
3 баланы жалғыз өзі жетектеп жүрген ана аяқ астынан мүгедек боп қалды. Ал, әзірге бұл отбасы жұмыс орнындағы сақтандыру үшін төленетін ақшамен күнелтіп отыр. Оның өзі жалдамалы пәтер бағасынан аспайды. Кейде ішерге ас, жағарға отын да таппай қиналамыз дейді, кейіген ана.
Артық Шыныбекова, Астана қаласының тұрғыны:
- Отынымыз, көміріміз таусылып қалды. Дірілдеп, тоңып тоқты тығайық десек, жарық көтерілмеді. Оған бізге келіп уй иесі ұрысады. Сосын қойшы тықпай-ақ осылай киіммен отыра берейікші дедік. Ана қызым сабақтан келеді, жаурап тұрмын деп сабақ оқи алмай қалды.
Балалары бір отбасын асырап отырған аналарын мүгедек қылған адамның жазалануын сұрайды. Алайда, көлік тізгінінде отырған студент өз кінәсін біле тұра тіпті өтемақы төлеуден де бас тартыпты.
Мейрамгүл Әбдиева, қызы:
- Не істесең оны істе дейді. Президентке дейін бар дейді маған. Рақымшылыққа ілініп шығып кетіпті ол бала. Арызың жолда қалып кетеді деп айтты. Бір тиын да ала алмайсың деп айтып кетті.
2 жылдан бері үйде отырған Артық енді аяғының емес, әділдіктің жоқтығына налиды. Рухы мықты жан іші-сырты қырық жамау жаппада тұрып жатқанына да соншалықты қапалы емес. Әйтеуір балалары үшін күресіп келеді. Ал, үйдің кенжесі Сенімбек болса, шелегін арқалап бос қайтты. Қорада тағы көмір таусылыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!