Қызылжарда ауқатты адамның баласы ұрланды
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
14.03.2013
Петропавлдық тәртіп сақшылары 13 жасар мектеп оқушысын іздестіріп жатыр. Мектептен үйіне бет алған Сергей Семенченяны жолда белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. Бұл жайында ол өгей әкесіне телефон шалып, өзін үш ер адамның күштеп ұстап отырғанын хабарлап үлгеріпті.
Жетінші сыныпта оқитын Сергей Семенченяны ата-анасы күнде мектептен көлікпен әкетеді екен. Тек сол күні ғана олардың қолдары тимей, бала үйіне жаяу кеткен. Ұрланған жеткіншектің ата-анасы кәсіпкер, өздеріне тиесілі автожуу бекеті бар. Олардың ешкімге қарызы немесе басқа да берешектері болмаған. Бала ұрлаушылар әзірге ешқандай талап қоймапты. Ал, тәртіп сақшылары «адам ұрлау» оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!