Алматыда опера әншісі Сұлтан Байсұлтановты еске алу кеші өтті
Автор: Құралай Пионер
18.03.2013
Алматыда қазақ операсының жарық жұлдызының бірі, Халық әртісі Сұлтан Байсұлтановты еске алу кеші болып өтті. Абай атындағы опера және балет театрының бас теноры былтыр 65 жасқа қараған шағында сырқаттан көз жұмған еді.
Сұлтан Магомедұлының опера сахнасында көптеген рөлдерді сомдады. «Тенор ғана емес, боритон дауысты әншінің қойылымына келгендер ерекше әсер алып қайтатын еді», - дейді замандастары. Еске алу кешінде әріптестері мен шәкірттері Сұлтан Байсұлтановтың орындаған рөлдерін ойнады. Жалпы марқұм әншілік өнерінен бөлек, жетекшілік қырымен де жақсы танылған тұлға. 1979 жылдан бастап Абай атындағы опера және балет театрында бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Қоғамдық мәселелерге де араласып, «Невада-Семей» қозғалысына қатысты. Елеулі еңбегі үшін Қазақстанда ғана емес, Шешенстанда, Ингушетияда «Халық әртісі атағын иеленді.
Бибігүл Төлегенова, ҚР Халық әртісі:
- Сұлтанның бір ерекшелігі ол осы екі – Қазақстан мен Шешенстанның арасындағы дәнекерші сияқты болды. Екі республиканы жақындастырып, туыс еткен Сұлтан біз үшін ардақты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!