Ақтөбеде қос қария қуанышқа кенелді
Автор: Жаңалық Ахаш
18.03.2013
Ақтөбеде қос қария қуанышқа кенелді. Олардың он жыл бұрын өртеніп кеткен қоныстарын қайырымды жандар қалпына келтіріп берді. Жөндеу аяқталғанша бейімдеу орталығын паналаған қариялар алғашқыда өз үйлерін танымай қалды. Кейін көз жастарына ерік беріп, олардың өміріне бей-жай қарамаған жандарға тілектерін жаудырумен болды.
Раиса Куник, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Танымадым. Менің қандай үйім болды бір уақытта. Кісілер көмектеседі. Үлкен рахмет барлығыңызға да үлкен рахмет.
Естеріңізге салсақ, жылдар бойы өртенген пәтерлерін пана етіп, жылуы мен жарығы жоқ төрт қабырғада тұрып жатқан Куниктер отбасының жайын көрсеткенбіз. Жалғыз ұлы жалыннан баспананы аман алып қаламын деп қайтыс болған. Құжаттары да түгел жанып, өлместің күнін кешіп жүрген еді. Жаңалықтарымыздан бұл қарттардың жайын білген қайырымды жандар пәтерді қалпына келтіруге кірісті. Баспананы жөндеуді мойнына алған компания алғашқы күні пәтерден екі жүк көлігі толы қоқыс шығарыпты. Қазір адам танымастай кейіпке енген үйдің есік-терезесінен бастап, жылу және су құрбырлары да жаңартылған. Тіпті, жиһаздары мен төсеніштеріне дейін алып берген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!