{metadescription}
0:000:00
Алматы облысында әскери қызметкерлерге шабуыл жасалды

Алматы облысында әскери қызметкерлерге шабуыл жасалды

Алматы облысында әскери қызметкерлерге шабуыл жасалды. Қапшағай қаласының № 58012 әскери бөлімінің офицерлерін қаланың қақ ортасында пышақтап кеткен. Ауыр жараланған біреуі оқиға орнында көз жұмса, оның әріптесі хәл үстінде ауруханаға жеткізілген. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, олар көшеде қызды қорламақ болған бұзақыларды тоқтатуға әрекеттенген көрінеді.

Қайғылы оқиға Қапшағай қаласының орталығында болған. Бір қапталында қалалық әкімшілік, екінші жағында «New Star» кафесі орналасқан жерде. Дәмханадан шығып келе жатқан әскерилер бір қызға бұзақылардың тиісіп жатқанын көріп, ардан аттап кетпей азаматтық танытады. Алайда араша түскендерге шамасы жетпейтінін білген қылмыскер пышақ алып жүргірген. Салдарынан ауыр жараланған Нұржан Тоқтамысов оқиға орнында жан тәсілім етсе, Аман Қамаров госпитальға жеткізілген.

Жексенбі күні қызметтестерімен дәмханада кездескен № 58012 әскери бөлімінің офицерлері кафеден қас қарайғанда шыққан. Бұл ақпаратты дәмхана әкімшілігі де растап отыр. Олар әскерилердің біраз көңіл көтеріп, сыра ішкендерін де жоққа шығармады.

Бойжеткенді қорғамақ болған офицерлер оңбай таяқ жеген. Бұзақылар екі әскериді бірнеше рет пышақтап, оқиға орнынан ізін жасырыпты. Ауыр жараланған Нұржан Тоқтамысов дәрігерлер жеткенше жан тәсілім еткен. Ал оның әріптесі Аман Қамаров хәл үсітінде қалалық ауруханаға жатыр.

Виктор Ким, Қапшағай қалалық ауруханасының хирургі:

- Біздің ауруханаға кеше түнде ауыр хәлде Қамаров деген азамат жеткізілді. Әскери қызметкер хәл үстінде болғандықтан біз оған бірден ота жасадық. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр.

30 жастағы Нұржан Тоқтамысов Қызылжардың тумасы екен. Марқұмның Қапшағайдағы әскери бөлімге ауысқанына 1 жыл да толмаған. Қаралы хабарды естіген Нұржанның туыстары шұғыл Алматы облысына шығыпты. Ал бұл оқиғаға қатысты басшылар әлі жақ ашар емес. «Тек қызды құтқармақ боп арандады», - дейді.

Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық із қозғалды. Құзырлы орган: «Күдіктілерді көп ұзамай қолға түсіреміз» деп те отыр. Олардың айтуынша, қылмыскердің бірі 30-дар шамасындағы Қапшағайдың тумасы болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.