Отандық педиатрлар мерзімінен бұрын дүниеге келген нәрестелердің өлімін азайту үшін жаңа әдісті меңгеруде
Автор: Құралай Пионер
19.03.2013
Ескі әдіс - жаңаша қолданыста! Отандық педиатрлар енді мерзімінен бұрын дүниеге келіп, салмағы бір келіден аз туған нәрестелер арасындағы өлімді азайтпақ. Батыс медицинасында «Кенгуру» деп аталатын бұл әдіс кеңінен қолданыста. Яғни, бала ағзасына әсері күшті дәрілерді кемітіп, бірден ана сүтімен тамақтандыруға көшкен. Бірақ аты ғана жаңа демесең, бұл баяғыдан қазақ тұрмысында қолданыста бар әдіс.
Бұл - дүние есігін ашқанына небәрі 6 тәулік қана толған кішкентай Максим. Мерзіміне 2 ай жетпей анасы босанып қалғандықтан, салмағы 600 граммнан аспаған. Бірақ қазір арнайы вакумның көмегімен ет жинап, демі мен тамақтануы реттелуде.
Ольга Махова:
- Тұңғыш баламыз. Жүктілігім дұрыс басталған алғашында, бірақ 7 айлығында қан қысымым кенет көтеріліп, босанып қалдым. Қазір осында, әрбір 3 сағат сайын келіп еміземін.
Сырт қарағанда бұл жай ғана вакум болғанымен, мұндағы жағдай дәл жатырдағыдай жасалған. Ылғалдылық температурасы да, тамақтану жолы да. Ең бастысы, қараңғылық сақталуы керек. Сол үшін дәл осылай жабылады. Ал бала 2 келі салмақ жинаған соң анасының қасына шығарлады.
Міне, дәл осыдан кейін ғана шала туған баланың өміріне қауіп төнетін фактор азаймақ. Анасы да құшағына алып, мауқымын басып, емізеді. Ең маңыздысы, нәресте ағзасына кері әсері көп дәрі-дәрмекті алмайды. Бұл батыс елдерінде «Кенгуру» деп аталатын тың әдіс көрінеді. Десе де біз үшін аты ғана жаңа болмаса, әдісі сол баяғы қазақтар қолданғандай. Тек заманауи құрылғылардың қосары бар демесең.
Кәмшат Рүстемова, неонатолог дәрігір:
- Ана суті баланың өзінінің ағзасына өте жақын болып келеді. Бұл әдістер шетелден келді дегенімен, қазақ та бұрыннан бар әдістер.
«Кенгуру» әдісінің тағы бір ерекшелігі – салмағы 500 граммнан жоғары туған нәрестенің өсуіне әкенің де әсері барын көрсету» дейді дәрігерлер. Сондықтан перинаталдық орталықтарда жасанды жатырда жатқан балаға әкесінің келуіне шектеу қойылмаған.
Статистика қарағанда, елімдегі дүниеге келген әрбір жүз баланың екіншісі 9 айға толмай шала туылады екен. Мәселен, Алматыдағы перинаталдық және балалар кордиохирургиясы орталығында ашылған бір жыл ішінде 4 жарым мың әйел босанса, соның 600-ден астамы мерзіміне жетпей туып қалған. Сондықтан бала өлімі де жоқ емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!