Ақмола облысында кондитерлік көкнәрдан есірткі даярлайтын орын әшкереленді
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
19.03.2013
Ақмола облысында кәдімгі кондитерлік көкнәрдан есірткі даярлайтын орын әшкереленді. Степногордағы көпқабатты үйлердің бірінде нашақорлар көкнәрға түрлі химиялық еріткіш зат қосып, өздері даярлаған сұйықтықты есірткі ретінде қолданған.
Кондитерлік көкнәрдан жасалған есірткіні қолданатындар – негізінен жастар. Нашақорлар ордасына айналған пәтердің иесі 33 жастағы келіншек - мүгедек анасымен және мүгедек ағасымен тұрады екен. Шешелерінің айтуынша, ұлы да, қызы да нашақор. Ұлы сол есірткінің салдарынан мүгедек болған. Полицейлер бұл үйден 5 литрлік құтыдағы кондитерлік көкнәрдан жасалған есірткі мен инелер тапты. Тәртіп сақшылары келгенде келіншек анашаға еліріп алыпты. Сондықтан айналасында не болып жатқанын аса ұға қойған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!