Еліміздің азаматтық авиация саласында ауқымды реформа басталды
Автор: Ербол Сейілхан
19.03.2013
Елімізде орын алған ұшақ апаттарының соң азаматтық авиация саласында ауқымды реформа басталды. Ендігі жерде өз алдына бөлек отау болып келген әуежайлар жаңадан құрылатын мемлекеттік компанияның басқарылуына берілмек.
Ұлттық холдинг басынан бағы тайған отандық авиацияның тамырына қан жүгіртеді деген сенім мол. Әрі менеджменті тоқыраған әуежайлардағы басқаруды жаңа деңгейге көтереді деп күтіліп отыр. Әуе мекемелері бір қолға өтсе сын көтермейтін қызмет көрсету сапасы мен алқам-салқамы шыққан ұшып-қону алаңдарын жөнге келтіру жедел жүргізіледі. Ұшу қауіпсіздігін де қырағы бақылауға алмақ. 2016-шы жылға дейін Талдықорған, Тараз, Қостанай, Семей, Петропавлдағы әуежайлар халықаралық деңгейге сәйкестендірмек. Сондай-ақ, Үкімет халықаралық авияция комитетінің қара тізіміне ілінген мемлекеттік және жеке әуе компанияларына да талапты күшейткелі отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!