{metadescription}
0:000:00
Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Жамбылда тағы ірі жол апаты. Алматы-Ташкент тас жолы бойында жолаушылар автобусы Камазбен соқтығысып, 5 адам қаза тапты. Жарақат алған тағы 26 жолаушы ауруханаға түскен. Алғашқы болжам бойынша апатқа автобусты тақымдаған жүргізуші кінәлі. Қазір ол қамауға алынған. 

Оқыс жағдай Тұрар Рысқұлов ауданында түнгі үштер шамасында болған. Шымкентке бет алған 46 жолаушысы бар автобус жол жиегінде тұрған Камазға соғылыпты. Апаттан оқиға орнында үш адам көз жұмса, тағы екі жолаушы ауруханада тілге келместен қаза болды. Ал, жарақат алған 26 жолаушы аудандық және облыс орталығындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жансақтау бөліміне түскен жеті адамның үшеуінің жағдайын ауыр деп бағалауда.   

Ерлан Төлеев, Тараз қалалық №1 ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Енді өміріне қауіпті ауыр жағдайда үшеуі жансақтау бөлімінде. Әлі күнге дейін қарауда жатыр. Біреуінің бауыры жыртылған, не істеген солардың жағдайы қиындау. Операция басынан бастап бәріне жасалған.

Бес адамның өмірін қиған жол апатына автобус жүргізушісі кінәлі деп танылды. Ол, түнде тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде бұзылып тұрған темір-терсекке толы «Камаздың» артынан келіп соққан. Қазір айыпты азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Татьяна Буикиди, Жамбыл облыстық ІІД ЖПБ инспекторы:

- Қазіргі уақытта автобус жүргізушісі Т.Рысқұлов ауданында уақытша ұстау абақтасында отыр. Оның кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қаза болған үш адам Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Ал, екеуінің аты-жөні мен мекен жайы анықталып жатыр. Жалпы жыл басынан өңірде орын алған 220 жол апатынан, 351 адам қаза тапқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде