{metadescription}
0:000:00
«Бесоба ісіне» қатысы бар соңғы айыпталушыға бүгін сот үкім кесті

«Бесоба ісіне» қатысы бар соңғы айыпталушыға бүгін сот үкім кесті

Қарағандыда «Бесоба ісіне» қатысы бар соңғы айыпталушыға бүгін сот үкім кесті. Жермен жексен болған тұрғын үйді салуға рұқсат берген мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Александр Воробьев енді 2 жылын темір торда өткізуі тиіс. Сот шенеунік пайдаға кенелу үшін лауазымын асыра пайдаланды деп тапты.

Үйдің тас талқаны шыға сала, «Бесоба» тұрғын үй кешеніне қатысы барлардың барлығын ұстадық деген тергеу органдары. Ұзын саны 20-дан астам адам құрыққа ілініп, алғаны бергеніне, бергені салғанына, салғаны сатқанынна сілтеп тергеушілердің басын шарадай еткен. Ақыры оның оншақтысы сотқа жетпестен рақымшылыққа ілініп шыға келді. Ал, бүгін Сәулет-құрылыс басқармасының бұрынғы бастығына қатысты іске нүкте қойылып отыр. Воробьевтің де рақымшылықтан дәмесі болған. Алайда, дәл осындай бап бойынша алдыңғыларды қоя берген сот бұл сабазды жібермеді. Қылмыс 2006-шы жылы жасалғанын ескерген сот, аталған бап 8 жылды қарастырады, сондықтан алдағы 2 жыл түрмеде отырасың деп қысқа қайырды. Өйткені былтырдан бергі оның бір жылы тергеу абақтысында өтіп кеткен. Экс шенеунік болса, шешіммен келіспей қайта арызданатынын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде