Жамбыл облысында шенеуніктің баласы көлігімен кісі қағып өлтірді
Автор: Руслан Әбдіхалық
26.03.2013
Жамбыл облысында шенеуніктің баласы көлігімен адам қағып өлтірді. Апатқа кінәлі азамат Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі орынбасарының баласы. Кісіні жазым етіп, оқиға орнынан ізін суытқан жігіт бір тәуліктен кейін қолға түсті.
«Мерседесті» тақымдаған жүргізуші 42 жастағы жергілікті тұрғынды соғып, қашып кеткен. Қатты соққыдан жаяу жүргінші жол бойында жан тәсілім етіпті. Қайғылы оқиғаға себепкер болған азамат көлігін гаражға жасырып, өзі үнсіз жүрген. Күдікті оқиға орнында қалған көліктің бөлшегі бойынша анықталды. Кісі өліміне себепкер болған 32 жастағы жігіт Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі орынбасарының ұлы екен. Ол өз кінәсін мойындап, қазір тергеушілерге түсініктеме беріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!