Елімізде ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін
Автор: Асыл Әділханұлы
26.03.2013
Елімізде ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін. Еуропадан ауған суық циклон наурыздың соңында Батыс Қазақстанға жетеді деп болжайды синоптиктер. Қазірдің өзінде Ресей мен Украинаны әбігерге салған қалың қардың ызғары еліміздің кей аймақтарына келіп үлгерген. Ұйытқи соққан боран Атырауда бірнеше ғимаратты шатырсыз қалдырса, солтүстікте мамандар алыс жолға шығарда абай болыңдар деп дабыл қағуда.
Көктем биыл құбылмалы болады деп болжаған мамандар мүлт кетпеді. Қазақ ауа райын болжау орталығы науырыздың соңы күн күр суытады деп дабыл қағып отыр. Табиғаттың шәлкез мінезі мейрам күндері Батыс Қазақстанның біраз аудандарын есеңгіретіп тастады. Ұйтқи соққан боран тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін үзген.
Ал, Солтүстік Қазақстан, Палодар, Қостанай облыстарында ертең желдің жылдамдығы секундтына 20-25 метрге дейін жетуі мүмкін. Шығыста да жағдай мәз емес. Бұл аймақтарда жаңбыр соңы қарға айналып көше көк тайғақ мұз болады деп болжанып отыр. Жол сақшылары жүргізушілерді алыс жолға шығарда сақ болуға шақырады.
Мақпал Ботаева, «Қазгидромет» РМК орталығының инженер-синоптигі:
- Наурыз айының соңына дейін Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Суық антициклондар жылы ылғалды антициклондармен алмасып отырады. Еліміздің Шығысы, Солтүстігі циклонның ықпалында болады.
Шуақты күннің аяқ асты бұлттануының себебі де жоқ емес. Көктем кеш шығатын Ресей астанасында қар толастамай жатса, Киевте дүйсенбі күні билік қолайсыз ауа-райына байланысты демалыс жариялаған. Көрші елдегі суық циклон біздің аймақты да айналып өтпеді.
Мақпал Ботаева, «Қазгидромет» РМК орталығының инженер-синоптигі
- Еуропада және Ресей территориясында болған анамалды құбылыстар, яғни қатты қар және де көк тайғақ мұздар біздің елде де қайталануы мүмкін.
Сондай-ақ мамандар ел аумағындағы өзен көлдерге де алаңдаушылық танытып отыр. Себебі қар қалың жауған Солтүстік, Шығыс облыстардағы тоң әлі ери қойған жоқ. Егер күн күрт жылынса кей өзендер арнасынан тасуы ықтимал. Сондықтан синоптиктер төтенше жағдай мамандарында сақтық шараларын пысықтауына әлі бір аптадай уақыттары бар дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!