{metadescription}
0:000:00
Б.Жұмағұлов ЖОО-ның жабылуына кедергі келтіріп жүрген лоббистердің көп екенін ашық айтты

Б.Жұмағұлов ЖОО-ның жабылуына кедергі келтіріп жүрген лоббистердің көп екенін ашық айтты

Жоғарғы оқу орындарын жаппай қысқартудың соңы Есілдің сол жағалауындағы шенеуніктерді өзара қырлыстырып қоятын түрі бар. Бүгін Білім министрі Бақытжан Жұмағұлов Үкімет отырысында жеке меншік университеттердің жабылуына Астанадағы құрығы ұзын дөкейлер мен Мәжіліс депутаты  кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді. Министр тіпті оларды лоббистер деп  айыптап отыр.

Бүгін Білім және ғылым министрі жоғарғы оқу орындарының жабылуына кедергі келтіріп жүрген шенеуніктердің көп екенін ашық айтты. Әсіресе, жеке меншік университеттердің сойылын соғушылардың арасында Үкіметте істейтін атқамінерлерден бастап, Мәжіліс депутаттарына дейін бар көрінеді. Құрығы ұзын дөкейлер студенттерді министрлікке қарсы қойып, шу шығарып, дегеніне жетуді мақсат еткен. Бірақ еліміздің бас мұғалімі лобби жасаушылардың атын атап түсін түстеген жоқ. 

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым министрі: 

- Министрлік қалай болса солай біріктірейін деп жатыр деген әңгіме естіген жоқсыңдар ма? Мен не істеймін олардың аты-жөнін сіздерге айтып. Өздерің жақсы білесіңдер.

Министр ашып айтпаса да лобби жасаумен айналысып жүр деп  «Ақжол» партиясының төрағасын меңзегені анық. Себебі Азат Перуашев  жақында Мәжіліс отырысында жеке меншік университтерді жабуға қарсылық танытқан еді. Депутаттың пікірінше, жекенің иелігіндегі оқу орындары сапалы білім береді. Ал өзін жанама түрде лоббист деп атаған  Жұмағұловтың сөзіне таңырқап отыр.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

- Министр мырза лоббист дегенді байқамай айтқан шығар. Лоббизм деген ақылы түрде көрсететін қызметі. Яғни коммерцияның бір түрі. Бұл лоббистік жұмыстар емес. Себебі мен ресми түрде жариялаған позициям үшін бір көк тиын ешкімнің қолынан алған жоқпын.

Депутат пен министр өзара сөз таластырып жатқанда аймақтардағы «қара тізімге» іліккен оқу орындарының есігіне қара құлып салына бастады.  Мәселен, Ақтаудағы «Болашақ» институтында күнде айғай-шу. Өйткені  жеке меншік институт 1-ші сәуірден бастап жабылады. Ал, 50 ұстаз жұмыссыз, 800-ге тарта студент дипломсыз қалғалы тұр.    

Қайрат Қалбаев, студент:

- Ертең сәуірдің бірінен оқуды тоқтатсын деп жатыр. Ал біз 4-ші курстар не істеуіміз керек? Біз дипломның тақырыбын алғанбыз. Қазіргі таңда практикада жүрміз. Енді біз ертең дипломымызды басқа инстутутқа барып қорғай алмаймыз ғой. Оларда басқа материал, ертең екі ортада жүріп үлгермейміз.

Қысқасы саны бар да сапасы жоқ диплом басып шығаратын баспаханаға айналған мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары жабылады. Ал көбісі жаппай біріктірілмек.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Маған тікелей келіп мына университетті жаппа деп ешкім айтпайды. Басқа мыңда жолы бар. Оны да сіздер жақсы білесіздер. Бірақ оның бәріне шыдап келе жатырмыз. Екіншіден оған жол бермейміз деп отырмыз.

Ал, биліктегі әріптестерін лоббист деп ашық айтқан Білім министрі Бақытжан Жұмағұловтың арыны қатты. Енді әрбір облысқа жалғыз мемлекеттік университет пен бір жеке меншік оқу орнын қалдырмақ. Ал 2015 жылға дейін елімізде жоғары білім беретін жүз университет қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.