{metadescription}
0:000:00
Семей тұрғыны дәрігерлерден 1 млн теңге өндіріп алды

Семей тұрғыны дәрігерлерден 1 млн теңге өндіріп алды

Семей тұрғыны дәрігерлерден 1 млн теңге өндіріп алды. Мұхамедберік Тұрекенов жедел жәрдем қызметкері жасаған екпенің кесірінен мүгедек болғанын, екі жыл дегенде сотта дәлелдеп шықты. 

Дәрігерлер шымкенттік «Химфарм» зауыты шығарған «диклофенакты» салғаннан кейін өзін нашар сезінген 53 жастағы азамат туралы өткен хабарларымызда көрсеткенбіз. Дертке дауа болуы керек дәрі кері әсер етіп, егу шарасынан кейін емделушінің жамбасында терінің некрозы өршіпті. Сондықтан дәрігерлер өлі теріні кесіп тастауға мәжбүр болған. Сөйтіп, апталдай азамат 3-ші топтағы мүгедек атанып шыға келді. Сотта шымкенттік «Химфарм» өндірген препаратта кінәрат жоқ деп танылып, бүкіл жауап екпені дұрыс жасамаған дәрігерге артылды. Енді мүгедек боп қалған науқасқа 1 млн теңге өтемақыны Семей қалалық жедел жәрдем бекеті төлеуі тиіс.

Мұхамедберік Тұрекенов, Семей қаласының тұрғыны:

- Денсаулықты қайтаруға болмайды. Мүгедек болып қалдым. Басқа адамдардың басына бермесін деймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.