{metadescription}
0:000:00
Алматының жолдары 40 млрд теңгеге биыл қайта жөнделмек

Алматының жолдары 40 млрд теңгеге биыл қайта жөнделмек

Алматы қаласының тас талқан болған тас жолдары биыл мұнтаздай боп жөнделмек. Бүгін тек тілшілермен кездескен қала басшылығы дәл осылай уәде етті. Тіптен үнемшіл екен, былтыр 55 млрд теңгені қала көшелерін жөндеуге жұмсаса биыл тек 40 млрд сұрапты. Сол қаражатқа 58 шақырымға жуық шұрқ тесік жол қалыпқа келтірілмек. Және жолайрықтарды жасау мерзімі де айтылды.

Жалпы алып мегаполисте 2 мың шақырымға жуық қала ішілік тас жол бар екен, барлық 393 көшенің қашықтығын қоса алғанда. Соның 80 пайызы мұнтаздай таза, тырнақ астынан кір іздесең де таппайсың деді шенеуніктер. Бірақ журналисттердің айтқаны әдемі көшелермен жүйткитін әкім-қаралардан өзгеше боп шықты. Тас талқан болған көшелерді атап айтты, сөйтсек әкімдік әлгіге жауапты емес екен.

Владимир Меренков, Алматы қаласы автокөлік жолдары басқармасының бастығы:

- Біз фотоаппаратты алып жыл басында көшелерді түсіреміз. Оны әкімнің орынбасарына жеткіземіз. Олар өзге құзыретті орындарға жеткізеді. Ал жолдың жағдайын және жасалуын біз қадағаламаймыз.

Бәкеге бердім, Сәкеге сендім деп жүргенде қала көшелерінің қазіргі ахуалы мынау. Көлікті қинамасың жүрмейді, жаяу адамның өзі жығыла жаздайды. Бұл былтыр 55 млрд теңге рәсуа қып жасалған жолдардың сиқы. Ал, биыл 97 көшенің шұңқырын жабу үшін тағы 40 млрд теңге жұмсалмақ. Оған 3 жолайырықтың құрылысын аяқтап, 58 шақырым жолды жөндеу көзделген. Бірақ жолды сапасыз жасағаны үшін жазаланған жан жоқ, Тек жалғыз компанияның тендерден шеттетілгені болмаса. Ал биік мінберден сөйлегендердің сөздері түйеден түскендей.

Болат Сауранбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

- Ақшаң болса қалтаңда, былай-былай талтаңда деген қазақтың сөзі бар. Қазір енді ақша пайда болғасын, қазіргі мәселелерді шешіп алғасын енді ортаншысына көштік. Жаңа айттым ғой ондай кішігірім асфальт жөндеу көңіліме жатпайды деп. Әрине одан ешқайда кете алмайсың. Оны жасау керек. Кедей ақша жоқ кезде ол жаппай болатын қазір одан кетіп жатырмыз.  

Әкім орынбасарының көңіліне келмесін, бірақ кішігірім жөндеу жұмыстарына оның көңілі аумағаны жұртты қатты қобалжытпайды. Азапты тартып жатқан сол қарапайым ел қазір.

Тас талқан болған тас жолдардың түйткілі түгесілмейтін талқыдан түспейтін тақырыпқа айналды. Мінекей Алматыға көктем келді, темір тұлпарын тақымдаған тұрғындар шұрқ тесік жолдармен қаласа да қаламаса да жүруге мәжбүр. Бүгін біз көрсеткен кадрлар, көнерген көшелердегі хәл ахуал дәл мынадай жаңа жолайрықтарға да келіп жеткен. Обалы не керек, шенеуніктер барлығын жасаймыз деп уәдені үйіп төкті. Бірақ сол жөндейміз деген жұмыстар жамап-жасқаумен жабылмаса болғаны.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде