Өскеменде халықаралық театр күні аталып өтілді
Автор: Әсем Қайратбек
29.03.2013
Өскеменде халықаралық театр күніне орай, кеш те болса жергілікті театр әртістеріне «Маска» сыйлығы табыс етіліді. Аймақтағы сахна өнерін дамытуға қосқан 2 актер тіпті, жеке пәтерге ие болды
«Маска» жүлдесі Шығыс Қазақстанда осымен 11-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Оскар сыйлығын алуға келгендей сезінсін деген болар, ұйымдастырушылар Голливудтық дәстүрмен қызыл кілемді жайып тастапты. Шығыс Қазақстан облысында жалпы 5 театр бар. Үшеуі Семейде, қалған екеуі Өскеменде. Осы өнер ұжымдарының бүкіл мүшесі, бұл шамамен 40 шақты адам түгелдей «Маска» жүлдесін иемденіп, азын-аулақ ақшалай сыяпатқа кенеліп қалды. Екі өнерпаз баспаналы болса, тағы 4 адамға Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі тапсырылды.
Қанат Ниязбеков, ШҚО Жамбыл атындағы драма театрының артисі:
- Жеке менің ғана еңбегім емес, осы труппа ашылғаннан бергі маңдай тер, еңбектің жемісі, оған әркім қуанышты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!