{metadescription}
Алматы облысында сал болып қалған жігіт қаржылай көмекке зәру
Алматы облысында сал болып қалған жігіт қаржылай көмекке зәру

Алматы облысында сал болып қалған жігіт қаржылай көмекке зәру

Алматы облысында сал болып қалған жігіт қаржылай көмекке зәру. Тура бір жыл бұрын Денис Маляренко жол апатына ұшырап, белден төмен жансызданып қалған. Ал, жалғыз асыраушысы 76 жастағы зейнеткер әжесі. Жарымжан жігіт талай аурухананың табалдырығын тоздырғанымен ем қонар емес. Десе де, Денисті аяғына тік тұрғызамыз деп Қытай дәрігерлері ұсыныс жасаған. Алайда, жалғыз зейнетақыға қараған қарияда оған мүмкіндік жоқ.

76 жастағы Тамара қария жалғыз немересі сал болып қалғалы жанын қоярға жер таппайды. Бала-келіні қу арақтың соңында кеткен. Солардан қалған жалғыз немерені зейнеткер 10 жасынан бағып келеді. Ер жетіп, енді қорған болар деп жүргенінде аяқасты жол апатына ұшыраған.  

Саутамтығы қалмаған көлікте бір жолдасы көз жұмып, өзі мына мүгедек арбасына байланған. Содан бері, төсектен бас алмай жатқан Денис өздігінен дәрет те сындыра алмайды. Ал, әжесінің зейнетақысы тамақ пен азын-аулақ дәріден ауыспай, дұрыс ем қабылдай алар емес.

Денис Маляренко:

- Әжеме де обал. Өзінің денсаулығы мәз емес. Үй шаруасы, бақша бар, менің өзіме де бір адам керек. Азды-көпті достарым көмек береді. Анда-санда келіп далаға да шығарып тұрады.

Сол достарының арқасында 3 рет операция жасатып, өз бетінше отыра алатын болған. Бірақ одан әріге шамамыз келмейді депті отандық дәрігерлер. Қытайлық мамандардың қолынан келеді екен дегенді естіп, жігіт енді соларға үміт артып отыр.

Руслан Стрельцов, Денистің досы:

- Үш рет жасады осы жерде операцияны. Ендігісін Қытайда жасатсақ дейміз. Бірақ оған қаржы жағы қолбайлау болып тұр. Кемі 3 апта жатуы тиіс екен.

Осылайша мүгедек арбасына таңылған Денис достарының бұл ерлігін ар санамайды. Қайта күні-бүгінге дейін жанынан табылған әр қайсысына алғысы шексіз. Ендігі бар үміті тек аспанасты елінде, сәтті ота жасалып екі аяғыма жан бітсе деп армандайды.

Сондықтан аяғынан тұрып, асырап баққан әжесіне қолқабыс болғысы келетін жігіт қайырымды жандардан көмек сұрайды. Кезекті операцияға 3 млн теңгедей қажет екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде