{metadescription}
0:000:00
Күрішке қақалған сәби ауруханада көз жұмды

Күрішке қақалған сәби ауруханада көз жұмды

Павлодарда күрішке қақалған сәби ауруханада көз жұмды. Бөбектің ата-анасы бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Айтуларынша, мамандар дер кезінде көмек көрсетпегендіктен, бала комаға түскен. 5 ай жансақтау бөлімінде жатқан Айбар Мәдиев ақыры ес жимастан көз жұмыпты. Ал, дәрігерлер керісінше бар кінә ата-анасында дейді. Дегенмен бала өлімі дерегі бойынша қылмыстық із қозғалды.

Бұл Айбардың ауруханаға түспей тұрып, түсірілген соңғы видеосы. Бір жарым жасар бөбек күрішке қақалып ауруханаға түскен. Баланың тынысы тарылып дем жетпегенімен, дәрігерлер дереу көмек қолын созбапты. Ақыры ауа жетіспеушілігінен баланың миы ісінген. Бұдан кейін комаға түскен Айбар бес ай ес жимастан көз жұмды. 

Меруерт Мәдиева, қайтыс болған сәбидің анасы:

- Ол жануар емес қой, сәби кішкентай сәби біреудің баласы. Аман есен алып қалушы еді. Түк істеген жоқ. Өздері де шеше, балалары бар. Неге солай істеді, жалғыз балапанымды сақтай алмады, жалғыз балапанымды.

Айбар қақалған сәтте алғашқы көмекті көрсеткен апасы Майра еді. Кардиолог болып жұмыс істейтін ол өз әріптестерінің бірқатар олқылықтарын жіпке тізіп, өзінің жеке тергеуін бастапты. О баста Айбарға қажетті ем-домды жасауды жалынып сұраса да, ақ халаттылар баланың жағдайы нашарлай түскенде бір-ақ қимылдаған көрінеді.

Майра Мәдиева, қайтыс болған сәбидің апасы:

- Айбардың қазасына дәрігерлердің немқұрайлығы себеп. Бала ауыр жағдайда немесе күрделі операция кезінде көз жұмған жоқ. Күрішке қақалған сап-сау сәби тілге келместен ауруханада бақилық болды.

Ақ халаттылар болса, сәбидің өліміне туыстарының өзі кінәлі деп отыр.

Ирина Орсагош, Павлодар облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Апасы жұтқыншақта тұрып қалған күрішті тазалаймын деп баланың тамағын жырған. Бала өте ауыр жағдайда түсті ауруханаға, киімі қан-қан еді.

Қазір аталмыш дерек бойынша медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттеріне салғырт қарау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың шетінеуіне не себеп болғанын анықтайтын сот-медициналық сараптама да тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде