{metadescription}
0:000:00
Бас прокурордың полиция басшыларының қызметіне көңілі толмады

Бас прокурордың полиция басшыларының қызметіне көңілі толмады

Енді қылмысты есепке алмаған полицей үшін оның үлкен басшылары жауап беретін болады. Тәртіп сақшыларының қызметін 2 жыл бойы саралаған Бас прокуратура осындай шешімге келіп отыр. 

Құзырлы органның тексеруі барысында, полицейлердің қылмыскерлермен сыбайлас болған бірнеше деректі анықтапты. Ондай жағдайда нағыз кінәлілер жауаптан сытылып кетіп отырған. Ал, көрсеткішті толтыруы тиіс тәртіп сақшылары жазықсыз жандарға жала жауыпты. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында қыз зорлаған 4 жігітті учаскелік полицей пара алып, босатып жіберген. Ал, зәбір көрген қыздың арызын мүлдем қабылдаудан бас тартқан. Осындай деректерді тізбектеп берген Бас прокурор қатардағы қызметкерінің орнына басшылары жауап беруі тиіс деп отыр. Асхат Дауылбаев әсіресе Астана мен Алматының және  Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облысы Ішкі істер департаменті басшыларының жұмысына көңілі толмайтынын айтты.  

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:

-  Қылмысты жасырған басшыларға ешқандай шара қабылданып отырған жоқ. Былтыр 1813 қылмыстық істің жасырылып, қағаз жүзінде жатқанын анықтадық. Алайда, мұндай дерекке көз жұмған бірінші басшылардың бірде бірі  жұмыстан босатылмады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.