Алматы облысында қымбат арақтарды дайындаумен айналысқан астыртын цех анықталды
Автор: Асыл Әділханұлы
29.03.2013
Отандық өнімдердің сапасыз көшірмесі. Алматы облысында аса ірі көлемде контарабандалық тауар тәркіленді. Қылмыстық топ қытайдан алкогольдік өнімдердің этикеткасын алғызып, спиртті суға араластырып сатқан. Құзырлы орындар тексеруді бастағанымен, алаяқтардың осы күнге дейін қанша халықты сапасыз өніммен улағанын ешкім басып айта алмайды.
Мына жігіт отандық өнімдердің көшірмесі қалай жасалатынын тәптіштеп тұрып айтып көрсетуде. Қытайдан тапсырыспен басылатын есептік маркалар мен қақпақтар елімізге контрабандалық жолмен жеткізіліп, кейін спирт пен су араластырылған шөлмекке шапталады екен.
Қылмыстық топ Алматы облысында астыртын әрекет еткен. Полицейлер бір айға жуық күдіктілердің қыр соңынан қалмай аңдып, ақыры Қаскелеңдегі жертөрелердің бірінде орналасқан шағын цехты анықтапты. Онда өндірілетін сапасыз тауар ең үлкен базарлардың бірі Алтын Орда арқылы еліміздің түпкір түпкіріне таратылып отырған. Тапсырысты да көтерме саудамен айналысатын ірі кәсіпкерлерден алғаны әшкереленіп отыр.
Нұржан Нұрғабылов, Алматы облысы бойынша ЭҚСЖҚК департаментінің қызметкері:
- Қазіргі таңда сот сараптама жүргізіп жатырмыз. Сапасы бойынша және жалғандығы бойынша. Оны қарапайым халық дүкеннен сатып алса ажырата алмайды. Сапасы өте жоғары.
Алаяқтар өндірген сапасыз тауардан осы уақытқа дейін қанша халықтың уланғаны белгісіз. Бір анығы қылмыстық топ тек наурыз айының өзінде бір миллионнан астам марка мен этикеткалар кіргізген. Айта кетейік былтыр да дәл осындай 12 астыртын цех әшкереленген екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары