{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Футболдан Қазақстан құрамасы 2014-ші жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін аяқтады. Соңғы матчта Дублинде Ирландияға қарсы доп тепкен Мирослав Беранек шәкірттері 3:1 есебімен жеңілді.

Өткен бәсекеде Фарьер құрамасына ұпай сыйлаған қазақстандықтар жанкүйерлер тарапынан ауыр сынға ұшыраған. Ал азулы ирландиялықтар өз алаңында біздің жігіттерге үш ұпай ұстата қойуы мүмкін емес екендігі анық еді. Бірақ кездесудің 13-ші минутында айып алаң сыртынан шірене тартқан Дмитрий Шамко құлазыған қазақстандық жанкүйерлердің көңілін жібіткені рас. Ал әрі қарай біз білетін сценарий тағы қайталанды. Футболды қойып қақпа алдында волейбол ойнаған Александр Кислицынның қылығы бір өзіне аян. Төреші ойланбастан бірден пенальти белгіледі. 11 метрліктен таразы басын теңестірген әйгілі Робби Кин. Келесі бір шабуылда Джон ОшИ таблодағы есепті 2:1 ге жеткізді. Бұл эпизотта Сидельниковтың өрескел қателігі жазасыз қалмады. Қалған уақытта Ирландияға гол соққан Дмитрий Шомко өз қақпасына да доп ұрып қортынды есепті орнатты.                  

 

 

Диего Коста Бразилия құрамасына керек. Оңтүстік америкалықтар қос азаматтық алған шабуылшыны ұлттық құрамаға шақырып әлек.

Мадридттық “Атлетикода” өнер көрсететін 25 жастағы талантты шабуылшы қазір Испания чемпионатында 10 голмен сұрмергендер көшін бастап тұр. Барзилия құрамасының бас бапкері Луис Филипе Сколлари қазірде Диегоны ұлттық құрамаға үміткерлер қатарына қосқан. Осы жылы ол жолдастық матчтарда Бразилия жейдесінде доп тепкен. Бірақ Испания құрамасында өнер көрсеткісі келетінін жасырмаған. Енді Бразилия мен Испания құрамалары әлем чемпионаты алдында бұл футболшы үшін нағыз тартысқа түспек.               

 

 

Қытайда  Әлемдік турдың осы жылғы ең соңғы велододасы мәресіне жетті.  Бес кезеңнен тұратын  көпкүндік Тур Бейжіңнің  бас бәйгесін испаниялық велошабандоз Беньят Ин Чаусти иеленді.

Бес күн бойы Бейжің көшелерін кес-кестеген веложарыстан  «Астананың»  өкілдері де шет қалған жоқ. Бірақ  биылғы маусымды сәтті өткізген  астаналықтар бұл жолы жүлдеге ілікпеді.  Бейжіңнің орталық көшелерін басып өткен  шешуші кезеңнің  жеңімпазын мәре алдындағы спринттік бәсеке анықтап берді. Бұл тартыста   өзгелердің алдын орап кеткен словениялық Лука Мезгеч топ жарды. Қорытынды есепте  Тур Бейжіңнің бас жүлдесін Беньят Инчаусти иемденсе, оған 10 секунд ұтылған ирландиялық Даниэль Мартин  екінші орынды  місе қылды. Ал  Әлемдік тур аясындағы соңғы жарыстың  қола медальі испаниялық велошабандоз Давид Лопестің қанжығасында кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.