{metadescription}
Халықаралық «Бастау» кинофестивалі шымылдығын ашты
Халықаралық «Бастау» кинофестивалі шымылдығын ашты

Халықаралық «Бастау» кинофестивалі шымылдығын ашты

Бүгін халықаралық «Бастау» кинофестивалінің шымылдығы ашылды! Дәстүрлі мәдени шара әдетінше Алматыда өткізілуде. Биыл 3-ші мәрте ұйымдастырылған халықаралық сайысқа 16 мемлекеттен 200-ге жуық студент ынта білдіріпті. Алайда ақтық мәреге тек 63 қысқа метражды кинокартиналар таңдалып отыр.

Оның 20 пайызы қазақстандық тәлімгерлер еңбегі екен. Енді қазылар аталмыш туындыларды тағы бір мәрте қарап, үздіктерді анықтауы тиіс. Жұмыстар қолданылған тәсілі, ерекше кадр мен тақырыбы бойынша іріктеледі. «Ең үздік» деп танылған 3 кино көрермен назарына ұсынылмақ. Тағы бір айта кететін жайт, биыл туындылар ойын киносы және деректі болып екі бағытта өткізіледі екен. Бес күнге созылатын бұл халықаралық байқаудың жеңімпазы 20-шы қазан белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде