{metadescription}
Алматыда жоғары технологиямен наркозсыз тегін операция жасалады
Алматыда жоғары технологиямен наркозсыз тегін операция жасалады

Алматыда жоғары технологиямен наркозсыз тегін операция жасалады

Наркозсыз операция! Технологияның мұндай соңғы мүмкіндігін тегін пайдалануға Президенттің іс басқармасы орталық клиникалық ауруханасының мамандары жағдай жасап отыр.

Айта кетсек, жаңа әдіс бойынша ота қан тамырлары ауруларына жасалады. Мұнда әдетегідей денені тілмейді. Тек теріні тесу арқылы тарылған немесе бітелген тамырларға жіңішке түтік жіберіп, оны кеңейтеді. Нәтижесінде қан айналым жақсарады екен. Әйгілі ауруханада егде жастағы ерлерде кездесетін қуықасты безі артерияларына да ем жасалды. Ем-домның бұл түрі кез-келген азаматқа қолжетімді. Тек тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаға келіп, мәліметтерін порталға енгізіп, кезегін күтсе болғаны.

Сергей Мусаев, ҚР Президентінің іс басқармасы Орталық клиникалық ауруханасының хирургі:

- Бүгінде артросклероз ауруы өршіп тұр. Мұндай науқастардың 40 пайызына жалпы наркозбен ота жасау өте қауіпті. Сондықтан жергілікті наркоз арқылы операцияның жаңа түрін жасап жатырмыз. Тарылған тамырларды кеңейткенде қан айналымы жақсара түсті. Егде жастағы еркектерде кездесетін аденома ауруы да осы тәсілмен емделуде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.