Қанат Ислам кезекті қарсыласын нокаутқа жіберді
Автор: Елдос Қамбалиев
02.12.2013
Шайбалы хоккейден Құрлықтық лиганың тұрақты чемпионатында “Барыс” сырт айдында магнитогорсктың “Металлург” командасын ұтты.
Астаналықтар сапында Нейджел Доус, Брэндон Боченски, Дастен Бойд мергендігімен көзге түскен болатын. Қонақтар да негізгі уақытта қарап қалған жоқ. Кездесудің соңына дейін айдын иелері таблодағы есепті 3:3 жеткізді. Овертаймда жеңімпазды анықтай алмаған қарсыластар буллитке жүгінді. Нәтижесінде Роман Старченко астаналықтарға маңызды жеңіс сыйлады. Әзірге “Барыс” шығыс конференциясында 32 ойыннан кейін 64 ұпай жинап екінші орында тұр.
Баскетболдан ВТБ біріңғай лигасында өнер көрсетіп жатқан “Астана” кезекті айналымда литваның “Нептунас” командасына есе жіберді.
Тұрақты чемпионаттың 7-ші турын алматыда өткізген Маттео Боничолли шәкірттері кездесуді сәтті бастаған. Алма кезек шабуылмен өткен бірінші кезеңде “Астана” 39:38 есебімен алда тұрды. Бірақ қалған уақытта қонақтар сапынан ерекше көзге түскен Витаутас Шаракаускас “Нептунға” жеңіс сыйлады. Қортынды есеп 82:84.
Кәсіпқой боксқа ден қойғалы бері жеңіліп көрмеген Қанат Ислам кезекті қарсыласын нокаутқа жіберді. Бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз Эквадор астанасы Китода колумбиялық Эмилио Хулионы ұтты. 29 жастағы Қанат келесі жекпе-жегін 14-ші желтоқсан күні Майами қаласында өткізеді. Онымен күш сынасатын боксшының аты-жөні әзірге белгісіз.
Лондонда үлкен кәсіпқой бокс кеші өтті. Басты бәсекеде Еуропа бокс одағы версисияның чемпионы ағылшын Дерек Чисора мен WBO тұжырымы бойынша Еуропаның экс-чемпионы чех Ондрей Пала кездесті. 12 ранудтық жекпе-жек көпке созылған жоқ.
Кездесуді белсенді бастаған чехтың соққылары алғашқы да діттеген жеріне тиіп жатты. Бірақ әліптің артын баққан ағылшын өз сәтін күткен екен. Үшінші раундтың соңғы минутында ауыр соққылардың астында қалған Палаға араша түскен төреші, бәсекені тоқтатуға мәжбүр болды. Осы жерде соққылардың бірі чехиялық боксшының желке тұсына тигенін де айта кетейік. Былтыр Дэвид Хэйденге нокаутпен ұтылған Чисора, қайта бабына келгендей. Сәуір айында қолғапты қайта киген ағылшынның аяқ-алысы жаман емес. Содан бері төрт кездесу өткізген ол оның бәрінде жеңіске жеткен.
Ауа-райының қолайсыздығы Швецияда өтіп жатқан биатлон додасына кедергі келтіруде. Жексенбі күні биатлоншылар пасьюттен сынға түсетін болған. Әйелдер жарысты бастап жібергенімен, қарлы боран оқ ату секторында нысана көздеуге мүмкіндік бермеді.
Жарысты тоқтатқан сәтте оқ ату секторына үш рет бас сұғып үлгерген әйелдер бәсекесінде, беларусь битлоншысы Дарья Домрачева алда келе жатқан. Бірақ боран одан әрі күшейе түскендіктен әділ-қазылар жарысты тоқтауға мәжбүр болды. Осы күнге жоспарланған ерлер арасындағы пасьютте өткізілмей қалды. Мұнда спринтте топ жарған француз Мартен Фуркад, жарыс жолына бірінші аттануы тиіс еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!