{metadescription}
0:000:00
Итпен емдеу әдісінен кейін мүгедек балалар жүріп кетіп жатыр

Итпен емдеу әдісінен кейін мүгедек балалар жүріп кетіп жатыр

Атырауда мүгедек балаларды иттердің көмегімен емдеп жатыр. «Лабрадор»тұқымдастар қазірдіңөзінде елуге  жуық сырқатты  сәлде болса сауықтырыпты. Көпшілігі қимыл-қозғалысыбұзылған тілінде кемістігі барлар. Ата-аналары болса, төрт аяқтылардың арқасындабалалардыңбойында әжептәуір өзгерістер байқала бастағанын айтып қуанып жүр.

7 жастағы Айдана дүниеге келгенде дені сау болып туылыпты. 5 айлығында дәрігерлердің салғырттығынан осындай жағдайға түскен. Атыраулық ақ халаттылар осы күнге дейін оны сал ауруынан емдеп келген. Бірақ, жақындаастаналық дәрігерлер  миына қан құйылған деген диагноз қойып басқаша ем тағайындады. Ал итпен емдегелі бері, қимыл-қозғалысында ширақтық пайда болыптіпті дыбыс шығара бастаған. 

СНХ: Нұргүл Байтанова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Бұрын Айданамыз отыра алмайтын еді. Осы канистерапияға келгелі беріекі қолын тіреп  басын көтеретін болды. Бұрын тіпті көтере алмайтын. Қызығушылығы бар итке деген.

Атырауға канистерапияны немесе итпен емдеу тәсілін енгізген мына жігіт. Ерлан Күмісқалиев. Кезінде өзі де қатерлі ауруға шалдыққан ол шетелдегі емдеудің осы әдісін әуелі жақын-жуықтарының кемтар балаларына қолданып көрген. Бір-бірінен естіген ата-аналар қазір кезекке тұратын жағдайға жетіпті.

Ерлан Күмісқалиев:

-Осы екі итті Россияның питомнигінен алып келдім. Көп іздедім. Темпераменті, психологиясы келетін, қабілеті бар иттерді ата-аналарын зерттеп, сол екі бір әке-шешеден туған ағайынды итті алып келдім.

Канистерапияға мұқтаж балаларға жергілікті кәсіпкер сауда орталығының бір бөлмесін тегін ұсыныпты. Бірақ, оның ішіне кейбір қажетті жабдықтарды сатып алуға ит иесінің қалтасы көтермей отыр. Сондықтан, Ерлан төрт аяқты достарын ертіп әзірге мүгедек балаларды үйлеріне барып емдеп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.