{metadescription}
0:000:00
 Бір мезетте жүздеген отбасы баспаналы болды

Бір мезетте жүздеген отбасы баспаналы болды

Жаңатас қаласында бұған дейін пәтер жалдап кісі есігінде  күнелтіп келген   отбасылар  баспаналы болды. Бұл Тұңғыш Президент күніне орай тұрғындарға жасалып отырған тарту. Қайта жөндеуден өткен пәтерлер мүгедектер, көпбалалы жандар мен мемлекеттік қызметкерлерге беріліп отыр.  

Жұрт үдере көшкен Жаңатас қаласының қазіргі келбеті осы. Тоз-тозы шыққан. Құдды бір соғыс алаңы сияқты сұрықсыз көріністерге толы. Ғимараттары да әбден көнеріп  опырылып құлауда. Сондықтан қаладағы қарашаның көбі апатты үйден қашып баспана іздеп бас сауғалаған екен. Енді міне, үйсіз жүрген жандарға жергілікті билік қолдау білдіріп Тұңғыш Президент күніне орай мұндағы 120 отбасы пәтерлі болды.

Қараусыз қалған үйге 279 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп қайта қалпына келтіріліпті. Баспана кілті негізінен еңбек ардагерлері, көп балалылар мен жас мамандарға табыс етілді. Күйі кеткен жұрт биліктің бұл бастамасына разы болып отыр. 

 Бағдат Қасымбеков, Жаңатас қаласының тұрғыны:

-  Жаңа үй алып жатырмыз, қуаныштымыз. Ол жақта көп қиналдық. Төбесінен су ақты. Енді міне жаңа үйге көшірді өздері.

Сондай-ақ, Жаңатаста жаңа спорт кешені де бой көтерді. Оған жалпы соммасы 226 млн. теңге жұмсалыпты. Мұнда спорттың жеті түрімен айналасуға мүмкіндік бар. Жалпы сиымдылығы 350 адамға шақталған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде