Әйелінің денесін мүшелеп үйінде сақтаған қанішер қолға түсті
Автор: Саят Сабдалы
02.12.2013
Теміртауда өзінің азаматтық некедегі әйелін өлтіріп мүшелеп тастаған қанішер ұсталды. Ол полицейлердің қолына қапыда түсіп қалған. Одан басқа іс бойынша жауап алынып жатқанда қаскөй ұсталдым деп ойласа керек. Сол жерде тәртіп сақшыларына қылмысын мойындапты.
Виктор Павлов жөртөлеге ауа кіретін мына тесікті шұқылап жүрген жерінде көзге түсіпті. Кейін тергеу амалдары кезінде тесіктен газетке оралған адамның қолы шыққанда тіс қаққандардың өзі тіксініп қалған.
Жалғасбай Жақаев, Теміртау қалалық «Шығыс» полиция бөлімінің бастығы:
- Кәдімгі қой сойғандай қып бөлген ғой. Қолын ,денесін,басын бөлшектеген. Жаңағы кісінің қолын подвалға лақтырып жіберген ғой.
Ал қаскөйдің өз қолымен істеген жантүршігерлік қылмысын қымсынбастан сипаттап беруі тәжірбиелі тергеушілердің жағасын ұстатқан.
- Қолын кесіп алып сосын сындырдым. Бір қолы бүтін болатын. Сосын кесіп тастадым бәрін. Ал басты мына пакетке салдым.
Күдікті пәтердегі болған сойқанды тізіп беріп жүр. Ащы судан сілтеп еңкейіп бетін жуып тұрған әйелдің ту сыртынан төніп кеп тамағын орып жіберіпті. Сосын денедегі қанды сарқып алып денені мүшелеуге кіріскен. Кейін үш қапқа бөліп салып 1 апта бойы пәтерінде сақтаған көрінеді.
Виктор Павлов, күдікті :
- Үйді иіс алып кетті. Сосын қоқысқа тастауға тура келді. Ал қолды сасқалақтап жүріп тесікке тыққам, кейін қаңғыбастар көріп қояр деп іздеп жүргенде ұсталдым.
Айтуынша, Наташа есімді өзінен 20 жас үлкен қаңғыбас әйелмен соңғы жарты жылдан бері бірге тұрып келген. Ащы суды қылдай бөліп қағып салатын ғашықтардың кезекті дауы осылай яқталыпты. Тәртіп сақщылары да аяқ астынан өзі айтып қалмағанда бұл қылмыс ашылмай кетуі де мүмкін деп отыр.
Бірақ полицейлер күдіктінің айтқандарына күмәнмен қарайды. Себебі құрбанды қойша бауыздап қанын сарқып барып мүшелеу, асқан салқынқандылықты қажет етеді екен. Сондықтан ұқсас қылмыстарға қатысы бар жоғы да жіті тексерледі дейді. Дегенмен қазір оған психиатриялық сараптама тағайындалып ақыл есінің деңгейіне баға беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!