{metadescription}
0:000:00
 Самат Смақов пен Давид Лория команда ауыстырды

Самат Смақов пен Давид Лория команда ауыстырды

«Алаш Прайд» спорт клубының белді файтерінің бірі Қуат Хамитов аралас жекпе-жектен Қытайда өткен  турнирдің жеңімпазы атанды. Осымен 11-ші рет өткізілген дәстүрлі жарыста, жерлесіміз моңғолдың  мықтысы Кхукенку Амартувшиннен айласын асырды.  Осы бәсекеде қолынан жарақат алған  Қуат, өкінішке орай Алматыда өтетін «Ұлы Майдан» додасына қатыса алмайды. 

 

Жастар хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Снежные Барсы»,  жеңілістен көз ашпай келеді. Кезекті турда астаналық жас хоккейшілер Уфада  жергілікті «Толпардан » ірі есеппен ойсырай ұтылды.

Соңғы төрт турдан бері қоржынға ұпай салудан қалған «Снежные Барсы», Уфа мұз айдынында да жарытқан жоқ.  Алғашқы және екінші кезеңде ойынды бес рет ортадан бастаған жерлестеріміз, кездесудің соңғы бөлігінде тағы төрт гол жіберіп алды.  Не керек башқұрттың жас тұлпарлары,  «Барыстың» ізбасарларына жауапсыз   тоғыз шайба тоғытты. Қазақ хоккейінің болашақ үміттері кезекті турдың ойынын Магнитогорскіде «Стальные Лисы» клубымен  өткізеді. 

 

Қазақстандық қос футболшы Әзербайжан чемпионатында өнер көрсетеді. Биыл “Қайраттың” сапына қосылған қорғаушы Самат Смақов пен қақпашы Давид Лория келер маусымды “Хазар” командасында өткізбек.

Бұл жайында “Азерфутбол” сайты мәлімдеді. Ардагер ойыншылар бұған дейін түркияның “Ризеспор” командасында доп тепкен. Сол команданың тізгінін ұстаған Мұстафа Денизли енді линкорандық клубқа бас бапкер болып тағайындалған. Командаға өзгеріс енгізгісі келген маман қазақстандық футболшыларға қолқа салмақ. Естеріңізге сала кетсек түркияда қос ойыншының  жылдық табысы 400 мың долларды құраған болатын.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде