Өз палуаныңды қолдауға кел!
Автор: Ербол Сейілхан
03.12.2013
Қазақ күресі жанкүйерлерінің шыдамын тауысқан «Еуразия барысының» басталуына санаулы күндер қалды.
7-ші желтоқсанда Тараздағы осы жаңа спорт кешенінде өтетін дүбірлі додаға қазір дайындық қызу жүріп жатыр. Билеттер түгел сатылып кеткен. Ұйымдастырушылар қазақ күресі десе ішер асын жерге қоятын жанкүйерлер үшін қосымша орындықтар қоюға дайын. Халықаралық турнирге қатысуға ниет білдірген Моңғолия, Түркия, Иран, Қытай, Польша, Тәжікстан мен Ресейдің құрама командалары Таразға ертең келмек. Ал қазақ балуандары бірнеше күннен бері осында, дамыл таппай жаттығып жатыр. Ұлттық құраманың сапында атақты Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров сынды дүлдүлдер бар. Белдесулер бес салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Алыптар айқасы 120 мемлекетке тікелей эфир арқылы көрсетілмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
Серіктестер жаңалықтары