Тегін операция жасалуда
Автор: Елгүл Нұғманова
03.12.2013
Енді мұрындағы кеселді бір күнде жазуға мүмкіндік бар. Емнің дәлірек айтқанда операцияның мұндай жедел түрін Алматыдағы Президенттің іс басқармасы орталық клиникасының дәрігерлері меңгеруде.
Алмас Аманғалиев, Президенттің іс басқармасы орталық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
–Мұндай операция түрі бүгінде өте маңызды. Бұл мұрын қуысына жасалатын ем-шаралардың жаңа балама түрі. Яғни ешқандай тілік болмайды. Бүгін мұндай операцияны 2 адамға тегін жасадық.
Емнің жаңа түрін клиника мамандары ресейлік әріптестерімен бірге жасауда. Созылмалы мұрын қуысы ауруына шалдыққан екі науқасқа ем-домның ешбір түрі көмектеспеген екен. Дәрігерлерге бұл жолы скальпель керек болмады. Басында жарығы бар жіңішке түтік кеңсірікке ендіріліп, баллон арқылы дәрі жіберіледі. Оның үстіне науқастар да операциядан кейін әдеттегідей он шақты күн ауруханада жатпайды. Айта кетсек, осы ауруханада жыл соңына дейін кардиологтардың да көмегі тегін көрсетілмек. Ол үшін тұрғылықты жеріңіздегі емхананың жолдамасы болса жеткілікті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!