Перзентханадан 5 млн теңге өтемақы өндіріп алды
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
03.12.2013
Семейде бала сүю бақытынан айырылған ана перзентханадан қомақты қаржы өндіріп алды. Сот шешімімен мекеме енді 4 млн 700 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Наталья есімді әйелдің бастан өткерген жағдайын алдыңғы хабарларымызда көрсеткен едік. Олақ дәрігерлердің кесірінен ол құрсағындағы сәбиінен айырылып артынша жатыры да кесілген. Кейін ісіне салғырт қараған ақ халаттылардың бірі кінәлі деп танылып сотталған болатын. Ал суррогат ананың көмегімен бала сүймек болған келіншек кеткен шығынды енді перзентханадан қайтарып алғалы жатыр. Сот оның бұл бастамасын құптап мекемені өтемақы төлеуге міндеттеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!