Ымдау тәсілімен пара алып жатқан полицей камераға түсіп қалды
Автор: Саят Сабдалы
03.12.2013
Теміртауда қалалық көші қон бөлімінің бастығы қызметтік кабинетінде 16 мың теңге парамен ұсталды. Шенді полицей әйел кірмелердің жүру уақытын созып беру үшін ақысына құжат жасапты. Ал Тәжікстан азаматынан кезекті сыйақы алу сәті қаржы полициясының жасырын орнатқан камерасына түсіп қалған.
Алғашында саусақтарымен көрсеткен сома болмағасын келімсектен «барыңды бер» деп қолқалап тұр. Кіріптар болған шетел азаматы үшін ымдау тәсілі үйреншікті құбылыс сияқты. Ал көші-қон полициясының бастығы Айғаным Ізмұханованың ол әдісті шебер меңгергені байқалады. Себебі ақшаны алған бойда жадырап сала берді. Қиын көрінген істі де ертеңнен қалдырмай шешетін болды. Келімсектің беріп кеткен аз-мұз теңгесін олжа көріп қалтасына сүңгіткені кадрлерде анық байқалып тұр. Қазір параны беруші де, алушы да тергеу абақтысына жабылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!