{metadescription}
0:000:00
Автобус жүргізушілеріне тықыр таянды

Автобус жүргізушілеріне тықыр таянды

Енді екінің бірі қоғамдық көлік жүргізушісі бола алмайды. Жасы 25-ке толмаған және 5 жыл еңбек өтілі жоқ азаматтарды  полиция автобус маңайына мүлдем жолатпауды сұрап отыр. Тіпт талаптарын  заңмен бекіттіріп алмақшы. Бұдан былай жұмысқа алу тәртібі де қатайтылмақ.

Мынау осы көктемде, Алматыда болған оқиға. Адамды лық толтырып алып бір-бірімен жарысып бара жатқан автобустар соңында соғылып тынды. Бірнеше жолаушы зардап шекті. Жарыс ұйымдастырғандар жұмысқа енді ғана орналасқан екен. Мұндай жүргізушілер бұдан былай қоғамдық көліктің маңайына да жолай алмауы мүмкін. Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңға осындай өзгерту енгізіп жатыр.

Нұрсейіт Әбішев, Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:

-   Егер аталған заң қабылданған уақытта 25 жасқа толмаған азаматтар, кемінде 5 жыл тәжірибесі жоқ адамдар жүктерін немесе жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

Қарамағында 300-ге жуық автобус жүргізушісі бар Бауыржан Тілеубергенов заңның тезірек қабылдануын қалайды. Бірақ жазаны күшейтсе  қоғамдық көліктің тізгініне отыратын адам таппай қалуымыз мүмкін деген үрейі де жоқ емес. Өйткені Астанадағы автопаркте қазірдің өзінде 80 автобус қаңтарылып тұр.

СНХ: Бауыржан Тілеубергенов, №3 автопарк директоры :

–Автобустар не үшін тоқтап тұр? Өйткені, жүргізушілер жетпейді. Олардың жұмыс уақыты таңғы 5-тен түннің бір уағына дейін. Жалақылары да аз. Сондықтан кетіп жатыр. Мысалы, біздің өзімізге 20 жүргізуші керек.

Тағы бір өзгешелік, қоғамдық көлік жүргізушілері әр үш жыл сайын, ал 50 жасқа толғандары жыл сайын медициналық тексеруден өтулері тиіс. Мұнымен қоса, аудан, облыс, қалаларалық автобустарға түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін жүруге тыйым салынбақ. Алайда тәртіп қанша күшейтілгенімен жолдағы өлім-жітім азаймай тұр.

 - «Жол жүрісі туралы» заң жобасы қазір депутаттардың қарауында. Құжат қабылданса, онда жол көлік апаты азаяды деп үміттенеді полицейлер. Өйткені, биылдыққа қоғамдық көлік жүргізушілерінің кесірінен  300-ге жуық апат тіркелген. Қаза тапқандар жүздеп саналады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.