{metadescription}
0:000:00
 Туған ұлының үстіне бензин шашып от қойды

Туған ұлының үстіне бензин шашып от қойды

Алматы облысында 48 жастағы келіншек туған ұлын тірідей өртеді. Ана мен бала әуелі қосылып арақ ішкен. Кейін  араларында жанжал шығады. Ызаға булыққан әйел ұлына  бензин шашып дем арасында үстіне  от қойған. Тіпті айғайлап  көмек сұраған баласының даусына да селт етпепті.  Ал денесінің күймеген жері қалмаған жігіт өлім аузында жатыр.

26 жастағы Владимир Касич осымен 5-ші тәулік жансақтау бөлімінде. Есін жимаған. Ал  денесіннің сау тамтығы жоқ. Дәрігерлер науқасты ажалдан аман алып қалу үшін барын салып жатыр. Бірақ соқталдай жігіттің оңалып кетеріне үміт аз.

Тоқтарбек Сүлейменов, Іле аудандық аурухасанысының бөлім меңгерушісі:

-Науқастың жағдайы өте ауыр. Күйік денесінің 95 пайызын алған. Өміріне қауіп бар. 

Айтуға ауыз бармайды. Десе де, Владимирді бұндай қорқынышты халге түсірген туған анасы. Кезекті отбасылық жанжал кезінде үстіне жанармай құйып өртеп жіберген. Ащы судың буымен әрине. Екеуінің аналы-балалы болып жиі стақан соғыстыратын әдеттері де бар екен. Соңғы отырыс даумен емес өліммен тына жаздады.

Азат Егенов, Іле аудандық ІІБ бөлім бастығы:

-Басында азаматша Касич әртүрлі сылтаулар айтып, баласының өз-өзін жаққанын, басқа біреулердің жаққаннын айтты. Бірақ кейін айыбын сойындау туралы арызын жазды.

Ал бұл баласын азажал құштыра жаздаған ананың өзі. 48 жастағы Наталья Касич қылмысын да мойындап отыр. Айтуынша, жұмысқа құлықсыз, жатып ішер ұлы 3 жылдан бері оны үздіксіз ұрып келіпті. Ақыры шыдамы таусылған. 

Наталья Касич, күдікті:

-Өзім де білмеймін қалай бұндай әркеткен барғанымды. Бірақ ұлымның қорлығы өтіп кетті. Үздіксіз қол көтереді. Соңғы жанжалда тіпті тепкінің астына алды. Содан қасымда тұрған жанармайды шашып жібердім де, сіріңке жақтым.  

-Ащы судың буымен баласын өртеп жіберген келіншек кемі 8 жылға абақтыға тоғытылуы  мүмкін. Ызаға булығып ерсі қылыққа барғанын азаматша Касич айыбын енді  түсінгендей. Бірақ тым кеш. Өйткені оны жазадан қашып құтылмасы анық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде