Нұрсұлтан Назарбаев күзет қызметін аяқ-асты әбігерге салды
Автор: Ербол Сейілхан
03.12.2013
Мерекеден кейінгі галстуксыз іссапар! Бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Нұрсұлтан Назарбаев мақтауы Астанаға дейін жеткен шаруашылықтарды аралады. Солардың бірінде тіпті сүт зауыты өнімінің дәмін татып көрді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың күтпеген жерден ағарғаннан дәм татуы президент күзетін кәдімгідей қобалжытып тастады. Өйткені Елбасыға ұсынылатын тағам алдын-ала тыңғылықты тексеруден өтуі тиіс. Бірақ мемлекет басшысы өзінің қауіпсіздік қызметінің ережесінен аттап айраннан бас тартпады. Ал шетелден әкелінген малдан алынатын сүт осы жерде өңделіп тәулік сайын 30 тоннасы сатылымға жіберіледі екен. Бұл Астананың төңірегінде азық-түлік белдеуін құру жобасы аясында ашылған зауыттардың бірі. Осыдан соң мемлекет басшысы Родина ауылында ашылған балабақшаға бас сұқты. Балалар мәртебелі мейманға өлең оқып қара жорғаны билеп берді. Кейін жергілікті мәдениет ошағының жұмысымен танысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!