{metadescription}
0:000:00
Жолаушылар автобусы жер үйдің қабырғасын опырды

Жолаушылар автобусы жер үйдің қабырғасын опырды

Жолы болмаған жолаушылар! Оңтүстік Қазақстан облысында автобус жеңіл көлікпен соғылып  14 адам шапа шекті. Қатты соққыдан 32 кісі тиеп алған  қоғамдық көлік бар жылдамдығымен жер үйдің қабырғасына жаншылып бір-ақ тоқтаған. «Алматы-Шымкент» рейсіне жаңа бет алған автобустың  бірнеше  жолаушысы қазір  өлім аузында  жатыр.

-  Ол телевизор қарап отырған. Автобус қабырғаны опырып ішке кіргенде құлап есінен танып қалды.

Бір сәтте баспанасының сау-тамтығы қалмаған Боранбаевтар әлі есеңгіреп жүр. Кешелі-бері берекелері қашып төріне келіп тоқтаған автобусты шығара алар емес. Үй иелері сол сәтте бөлмеде болған ұлдарының аман қалғанына шүкіршілік етеді.

 Байсейіт Боранбаев, үй иесі:

-  «Пах» еген дауыс шықты. Терезені ашып қарасам автобус келе жатыр жап-жарық болып. Қашып үлгердім де, мынаның астында қалдым. Талып қалдым. Тұрсам тұман, шаң.

Осылайша үлкенімен кішісі бар Боранбаевтардың үйінде 12 сағаттан бері жедел-жәрдем кезек етіпті. Көмектесем деушілер де үй ортасындағы автобусты қызықтап келушілер де жетіп асады. Енді осындай көрініске айыпты жүргізушіні тәртіп сақшылары жуырда анықтаймыз деп отыр. Әзірге, куәгерлердің айтуынша қарсы бағытқа «Ауди» жеңіл көлігі шыққан. Апаттан зардап шеккен автобустағы 16 жолаушыға оқиға орнына көмек көрсетілсе, 4 әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Нұрсұлтан Тілеуов, автобус жүргізушісі:

Сол жерде тұр ғой сызылған. Тормоз бастым барынша. Бірақ енді 17 тонна шығады салмағы. Тоқтату оңай емес қой.

Ал айдың күннің аманында шаңырағының қабырғасы опырылып қалған Боранбаевтар баспаналарын дереу босатуы тиіс. Өйткені, мында үйде енді тұру қауіпті. Дегенмен нақты шығын көлемін яғни жөндеуге келетінін немесе келмейтінін төтенше жағдайлар қызметкерлері анықтамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.