Атағы жер жарған палуандар жинала бастады
Автор: Руслан Әбдіхалық
05.12.2013
Таразға «Еуразия барысы» атануға үмітті палуандар жиналуда. Алғашқылардың бірі болып Тәжікстан, Рессей, Польша, Қытай және Монғолия спортшылары жетті.
Ұшақтан түскен бойда олар бірден фотостудияға жол тартты. Күні бойы суретке түсіп, тілшілермен дидарласты. Қазақ күресінен «Еуразия барысы» халықаралық турнирінің басталуына екі күн қалғанын айта кетейік. Ұйымдастырушылар айтулы шараға сақадай саймыз деп отыр.Бүгін дайындықтарын тағы бір пысықтап алды. Сенбі күні шаршы алаңда 8 мемлекеттің 40-тан астам палуаны белдеспек. Бірінші орынды жеңіп алған команда 150 млн теңгені олжалайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!