Баспанасын автобус қиратқан отбасы далада қалды
Автор: Бек Әбиев
05.12.2013
Оңтүстік Қазақстанда баспанасын автобус қиратқан отбасы көршілерін жағалап жүр. Себебі,үйдің қабырғасын қақыратып кеткен көліктің қожайыны шығынды өтеуден қашып жүр. Сондықтан жапа шеккендер автобусты иесіне қырсығып қайтармай отыр. Тіпті бүгін дауласқан екі тарап жаға жыртыса жаздады.
Боранбаевтар қақаған қара суықта дірдектеп көрші-қолаңды паналауға мәжбүр. Үйлеріне автобус кіріп бір жақ бетін қиратып кеткеніне бүгін төртінші күн. Осы уақыттан бері бүлінген баспанада не газ не жарық жоқ.
Гүлжан Қауымбаева, үй иесі:
- Ауылдастарымыздыңүйінде қашанға дейін жүре береміз. Аштан-аш.. Бала-шағаныңкиімдері өзіміздің киімдеріміз бәрі мына топырақ астында жатыр.
Қазірдің өзінде Боранбаевтар отбасы 5 миллион теңгеге шығынға батқаны белгілі болып отыр.
Төрт жыл бұрын ғана тұрғызылған үйдің күйі мынау. Құлаудың аз-ақ алдында тұр. Қазір үйді ұстап тұрған автобустың есігі мен үйдің мына бөренесі ғана. Егер, автобусты алар болса бүкіл құрылыстың құлайтыны анық.
Қожайыны бірнеше рет адам жіберіп, көлігін алып кетуге тырысыпты. Боранбаевтар жаға жыртысып жүріп, алып қалдық дейді. Қазір, енді автобусты күндіз-түні қарауылдап жүр.
Жанар Жолдасбекова, туысы:
- Автобустыңпәршек-пәршегін шығарам қазір, металлоломға өткізіп жіберуге дайынбыз. Міне дөңгелегінің өзін. Мынау үш інімде сварщик.
Ал, автобусты аңдығандар көлігін кез-келген уақытта сүйреп әкетуге сақадай-сай отыр. Тіпті үйді торуылдаған бірнеше адам камазбен келіпті. Олар жол апатына өздерінің кінәсі жоқ екендігін айтады.
-Еркексің бе шық-ей оңбаған! Ана балалардың бәрі жаурап тұр ана жерде үйіне кіре алмай! Шықсайшы
Жол апатына себепкер «Аудидің» иесі мен автобустың жүргізушісі қазір ауруханада жатыр. Бұл іске қатысты полицейлер сараптама тағайындады. Егер қос тарапта кінәлі деп табылса, онда «Аудидің» иесі мен автобус жүргізушісін сот зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетуге мәжбүрлемек. Бірақ, оның өзі бірнеше айға созылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!